Можно по быстрее,только эти 3 варианты 1-тапсырма Төмендегі сұрақтарға шығарма желісі бойынша жауап беріңіз. 1.«Менің Дағыстаным» әңгімесіндегі тасты қақ жарып өсіп тұрған тікенек бұтаның арасындағы ұяшық арқылы суретші нені айтқысы келгенін көрсетіңіз?
А) Суретшінің ауылдағы жастық шағын
В) Суретшінің теңдессіз сурет салу өнерін
С) Суретшінің қазіргі керемет жағдайын
D) Суретшінің туған жерге сағынышын
2. Автордың негізгі идеясын танытуда ерекше орын алатын символизмді табыңыз.
А) Тікенек бұтадағы ұяшық
В) Әшекейлеп жасалған күміс құмыра
С) Тау төбесін басқан қалың тұман
D) Аңыз бойынша салынған сурет
3. Жазушы суретшіден нені сұрады?
А) Өткен шақты қайтарса, не істейтіндігін сұрады.
В) Қай тілде сөйлесіп, түсініскендерін сұрады.
С) Елге неге қайтқысы келмейтіндігін сұрады.
D) Суреттерін өзіне қымбат болса да, сатуды сұрады.
Ежелгi түркiлердiң арғы ата-тегi саналатын сақтардың батырлық жырлары арасындағы мазмұн, түр, стиль бiрлiгi көркемдiк дәстүр жалғастығы тұрғысынан ғыл. негiзде дәлелдендi. Сол себептi б.з.б. дәуiрлерде шығарылған «Алып Ер Тоңға”, «Шу” батыр, «Атилла”, «Көк бөрi” және «Ергенеқон” дастандары бүгiнгi Қ. ә-нiң қайнар-бастаулары болып табылады. Сондай-ақ аталған қаһармандық дастандар өзiнен кейiнгi тарихи кезеңдердегi — Түрiк қағандығы тұсындағы (8 ғ.) әдеби жәдiгерлердiң («Күлтегiн”, «Тоныкөк”, «Бiлге қаған” жырлары) жазылуына үлгi-өнеге, негiз болды. Түрiк қағандығы тұсындағы жазба әдебиет өзiнен бұрынғы сақтар мен ғұндардың ауыз әдебиетi үлгiлерiмен генезистiк, типол., дәстүрлiк үндестiкте дамыды.
Түрiк қағандығы дәуiрiнде шығарылған ерлiк эпосының бiрi — «Қорқыт ата кiтабы”. Ал, бұдан кейiнгi Қарахан мемлекетi тұсындағы немесе ислам дәуiрi (10 — 12 ғ.) деп аталатын тарихи кезеңдегi түркi халықтарының қоғамдық-мәдени даму тарихындағы Қайта өркендеу — Ренессанс дәуiрi деуге болады. Бүкiл түркi қауымын әлемге танытқан Әбу Наср әл-Фараби, Әбу Әли ибн Сина, Әбу Райхан әл-Бируни, Махмұт Қашқари, Жүсiп Баласағұни, Ахмед Иүгiнеки, Қожа Ахмет Иасауи, Сүлеймен Бақырғани, т.б. осы Қайта өркендеу дәуiрiнде тарих сахнасына шықты. Олар өзерiнiң ғыл. және көркем туындыларында гуманистiк идеяларды, адамгершiлiк пен қайырымдылықты, т.б. iзгi қасиеттердi көтердi. Бұған әл-Фарабидiң «Риторика”, «Поэзия өнерi туралы”, ибн-Синаның «Даныш-намесi” («Бiлiм кiтабы”), әл-Бирунидiң «Хикметтерi” («Даналық сөздерi”), Махмұт Қашқаридiң «Диуани лұғат ат-түрiк” («Түркi сөздерiнiң жинағы”), Баласағұнидiң «Құтты бiлiгi”, Иасауидiң «Диуани хикметi” («Ақыл кiтабы”), Бақырғанидың «Бақырғани кiтабы”, т.б. толық дәлел бола алады.