Музыка әлемі –адамзат мәдениетінің байлығы ішіндегі мұхиттай шексіз, ғажайып дүние. Музыка да адамның асқақ, асыл ойлары, арман- мақсаты , ізгі тілектері, қуанышы, қайғы-қасіреті мен әр түрлі сезім иірімдері бейнеленеді. Қаншама ғасырлар бойы жинақталған музыкалық қазына- ұшы-қиыры жоқ, аса мол мұра. Әлемдік музыка қорына әр халық, ұлт өзіне тән өрнекпен өлшеусіз үлес қосып келеді Музыка мәдениетінің өткеніне ой жүгіртіп, әр алуан тарихи деректерге жүгінсек, халық өнерінің қоры шексіз де, музыкалық аспаптардың түрі көп болғаны анық. Өткен ғасырлар үніне құлақ түрсек, біздің ата – бабаларымыз тастан, ағаштан, өсімдіктен, малдың терісінен, сүйегінен, мүйізден, ішектен, қылдан т. б. алуан түрлі заттардан дыбыс шығаруға болатынын аңғарып, қарапайым музыкалық аспаптар жасап алды. Сол ұмыт болған қазақ халқының аспаптарын қайта жаңғыртып, олардың кең түрде насихатталуына мол еңбек сіңіріп, соңына қыруар мұра қалдырған Болат Шамғалиұлы Сарыбаев еді. Болат Шамғалиұлы Сарыбаев көне аспаптарды жинауға 1960 ж. бастап кіріскен екен. Сол жылдары Алматы консерваториясының ұстазы Б. Сарыбаевтың үйі ерекше мұражайға айналды. Ол жинаған аспаптар саны 300 - ге жетті. Зерттеуші еліміздің түрлі аймақтарынан көне аспаптарды тауып, оларды зерттеп, жетілдіріп, орындау әдістерін меңгерді, шәкірттерін баулыды. 1968 жылы көне ұлттық музыкалық аспаптардан ансамбль ұйымдастырды. Б. Сарыбаев аспаптарды ойнау тәсіліне қарай мынадай түрге бөледі: үрлемелі, ұрмалы, сілкімелі, ысқышты, ішекті, шертпелі, тілшекті. «Екі ішектің бірін қатты, Бірін сәл - сәл кем бұра. Нағыз қазақ, қазақ емес, Нағыз қазақ – домбыра» - деп ақын жырлағандай, халқымыздың ғасырлар бойы жинақталған ұлттық құндылығы мен дүниетанымын дәл суреттеп жеткізе алатын қоңыр үнді домбыра екені даусыз. *
ақымақ - есір, тентек
үлкен - дәу, нән, зор
қуыс - ойық, саңылау
керек - тиіс, қажет
сулы - ылғал
ұстаз - мұғалім, тәлімгер
қоғам - бұқара, көпшілік
қорқу - үрку, сескену
ылғи - кілең, үнемі
күшті - мықты, берік.
Антонимдер:
жас - кәрі
биік - аласа
алыс - жақын
ішке - сыртқа
шулы - тыныш
қою - сұйық
ыстық - суық
жарық - қараңғы
күшті - әлсіз
жылдам - баяу
Омонимдер
тай (кет, уходи), тай (құлын, жеребенок).
қол (рука), қол (әскер)
ара (пила), ара (пчела)
қой (овца), қой (перестань), қой (поставь)
ат (стреляй), ат (лошадь), ат (имя)
жақ (мазать), жақ (челюсть), жақ (сторона)
жаз (лето), жаз (пиши)
ас (еда), ас (повесь)
шық (роса), шық (выходи)
сана (разум), сана (считай)
Менің туған күнім.
Бүгін менің туған күнім. Мен он бес жасқа толып отырмын. Бұл күнді асыға күттім. Үйде ата - анам бауырларым сағат түнгі он екіден бастап құттықтап, маған тосын сый жасады, сыйлықтарын сыйлады. Мен өте қатты қуанып, екі езуім екі құлағымда болды.
Таңертеңнен бастап көңілім көтеріңкі болды. Анам мен әпкем тәттілер әзірлеп, бүгін қонақ күтуге дайындалуда. Сабақтан келіп мен де оларға көмектесе кеттім. Кешке үйге қонаққа ағайын - бауырлар келеді. Жаңа әдемі көйлегімді кидім.
Қонақтар маған ақ тілектерін айтып, түрлі сыйлықтар ұсынды. Әпкем маған арнайы үлкен торт пісірген болатын. Ол өте дәмді шығыпты.
Туған күнім ойдағыдай өтті. Енді демалыс күні достарыммен кездесіп, тағы туған күн тойлайтын боламыз.