Мына сөйлемдердегі біртектес сөздердің екі түрлі сөйлем мүшесінің қызметін атқарып тұрғандығын түсіндіріңдер. Ол – жақсы адам. Ол жақсы сөйлейді. Күші жағынан арыстандай кісі. Қобыланды батыр арыстандай ақырды. Бастауышты түзу сызықпен сыз. Сызуды түзу сыз. Қисық мінезі бар. Көйлекті қисық пішті.
- Қазақстан жерінде 85 мыңға жуық өзендер мен бұлақтар бар.
- Қай өзендерінің бойымен кішкене кемелер жүзеді. ?
- Ертіс, Орал, Іле, Еділ өзендерінің бойымен кішкене кемелер жүзеді.
- Қай өзендерінің бойымен терең жерлерінде ғана кеме жүзе алады. ?
- Сырдария, Тобыл, Қаратал, Бұқтырма өзендерінің бойымен терең жерлерінде ғана кеме жүзе алады.
- Бұл өзендерде нелер тіршілік етеді?
- Бұл өзендерде балықтардың бағалы тұқымдары тіршілік етеді.