Дана халқымыз “Ұлық болсаң – кішік бол” деп, ел билеген әкімнен халық алдында кішіреюді талап еткен, яғни қаншалықты атақты, даңқты, бай болсаң да, кішіпейілділік пен қарапайымдылықты ұмытпаған жөн. Себебі, «қызмет деген – қолдың кірі, бүгін бар, ертең жоқ». Сондықтан менменсінбей, өзге адамдармен жақсы қарым – қатынас орнату керек деп есептеймін. Басқа сөздермен айтқанда, кішіпейілділік - жеке адамның айналасындағыларға қатысы жөнінен өзінің қандайда бір алабөтен артықшылығы немесе ерекше құқықтары бар деп санамауы, жұрт мойындаған тәртіпке өз еркімен бағынуы, өзінің жеке бастық керек-жарағын сол қоғамдағы халықтың материалдық жағдайына сәйкес шектеуі, барлық адамға құрметпен қарап, өзінің ғана мүдделеріне қатысы бар жекелеген адамдардың ұсақ-түйек кемшіліктеріне төзімділік көрсетуі, сонымен қатар өзінің және басқалардың жетістіктері мен кемшіліктеріне сын көзбен қарауы.
Сондықтан, адам əр уақытта үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетіп, қолынан келсе көмектесіп, əрқашан қарапайым бола білу керек.
Қандай жағымды қасиет болмасын, барлығы отбасындағы тәрбиеден бастау алатынын ұмытпау керек. Бала «ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» демекші, жас ұрпақты саналы, әдепті, ұлағатты етіп тәрбиелеу керек. Сонда ұлтымыздың да болашағы жарқын болмақ деп ойлаймын!
Ашық аспан күлімсіреген күн жайнап тұрған еді. Үшеуі қаланың сыртында айдалада серуендеп жүр. Гүлдер теріп үйлеріне қайтып бара жатқанда, бір ғажап затқа соқтығады. Арасынан біреуі сол затты аяғымен теуіп қалғанда, әлгі екеуі шошып кетеді. Өйткені ол зат бомбаға ұқсас болатын. Бір сәтте әлгі бомба жарылмай жай ғана бұрқылдаған дауыс шығарады. Үшеуі бұған назар аудармай үйге аттанады. Екі шақырым қашықтық аралығында жүрерде, әлгі зат масқара дыбыспен жарылады. Үшеуінің есінен бұл оқиға кетпестей болды.
Үлкенге - құрмет, кішіге - ізет.