Нұр-сұлтан қаласының қалыптасу тарихы" Сәулеті үйлескен елорданы салу мәні тереңде. Нұрсұлтан байырғы «Бозоқ» қаласының заманға лайықталған мұрагері. Қыпшақ хандығының «Бозоқ» деп аталатын астанасы бүгінгі орталықтан 5 шақырым қашықтықта салтанат құрған. Алаш арыстары да осы арқа өңірінің қара өткелінде университет ашып, қазақтың ұл-қыздарын оқытуды армандаған еді. Сонымен қазаққа құтты орда боларлық жаңа астана салу туралы тұңғыш елбасы 1992 ж. ойлағанын айтады. Бірақ идеясын экономика түзелгеннен кейін іске асыруды көздеп, жан баласына сырын ашпайды. Арада тек екі жыл өткенде мақсатын жалпыға жайып салды. (06.07.1992 ж.) Неге тұңғыш елбасының таңдауы Алатау бөктерінен Сарыарқа төріне түсті? Өйткені «Есіл» өзені оны еліткен. Әлемде Есіл жағасына жайғасқан астаналар аз емес. Мәскеудің өзі аттас өзені бар. Сена бойында Париж тұрса, Темза Лондонға көрік беріп тұр. Ал Нұрсұлтан Еуразия жүрегінен орын тепкен. Қала географиялық тұрғыдан ажарлы әрі ұдайы дамуға қолайлы. Тәуелсіз елдің өсуі мен өркендеуі жаңа астанамен тығыз байланысты. Тапсырма: -тірек сөздерді қолдана отырып, мәтіндегі ойды анықтайды -айтылған ойға өз пікірін білдіріп жазады
Қазақстанның заманға лайық жаңа астанасын салу идеясы Мемлекеттің бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі. Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешімді Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде қабылдады. Астананы ресми көшіру 1997 жылғы 10 желтоқсанда жүзеге асты. Президенттің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді. Жаңа астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусымда өтті. 1999 жылы Астана ЮНЕСКО шешімімен «әлем қаласы» атағын алды. Қазақстанның бас қаласы 2000 жылдан бастап Астаналар мен ірі қалалардың халықаралық ассамблеясының мүшесі.
2019 жылы 20 наурызда Қазақстанның жаңа президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қаланың атын экс-президент Н. Назарбаевтың құрметіне Нұр-Сұлтан деп өзгертуге бұйрық берді.