В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
Alekseimiller
Alekseimiller
29.12.2020 18:03 •  Қазақ тiлi

НӘТИЖЕ САБАҚ 115
Мен не үйрендім?
6. Қай мезгілде жапырақ мұздай бастады?
7. Жапырақтар қандай түске боянды?
8. Жапырақтың сұрағына анасы не деп жауап беруі
мүмкін?
• Қарамен жазылған сұрау мағынасындағы сөздерге назар
аудар. Осы сөздерге жауап болатын сөздермен тірек сөздер қата-
рын құра.
Үлгі: Көктем, аққайың, .
2. Ертегіге ат таңда.
Жасыл жапырақ
Жапырақ
1. Ертегіні мұқият тыңда.
Жапырақ
Көктем келді. Аққайың бұтақтарындағы өркендер:
де шетінен бүр жарып*, жапырақ жаюда. Тек кенже
бүршік қана асыға қоймады. Бірақ күннен-күнге жы-
луы күшейе түскен күн сәулесі аймалап жүріп, оны да
қауызын* жарып шықпасына қоймады. Бойына жылу
жүгіріп, есінеген бүршік кенет жарыққа шықты.
Демде жасыл жапыраққа айналды. Ол өзін қоршап
тұрған табиғаттың сұлулығын көріп қайран қалды.
Табиғат қандай әдемі еді! Жапырақ жан-жағына көзі
тоймай қараумен болды. Құстардың сайраған көңілді
үніне құлақ түрді*, Самал желмен тербеле бақытты
күй кешті.
Бір күні күн суыта бастады. Жауын жауғаннан кейін
бойы мұздады*. Жапырақтар сары, қоңыр, қызыл түске
боянды. Аспанды жиі-жиі бұлт торлайтын болды.
Бір күні ол Аққайың анадан табиғаттың бұл өзгері-
сінің сырын сұрады...
М. Сенбайқызынан
3. Жоспарға сәйкес ертегі бөліктерін тап.
1. Жасыл жапырақ.
2. Күннің суытуы.
3. Жапырақтың сұрағы.
4. Жоспар жөне өзің белгілеген тірек сөздердің көмегімен
«Жапырақ» ертегісінің мазмұнын айтып көр.
5. Ертегідегі түсініксіз сөздердің беретін мағынасын түсін-
дірме сөздіктен тауып жаз.
6. Ертегіден сын есімі бар сөйлемдерді теріп жаз. Сын есім -
дерді былай белгіле: сын е. Негізгі және туынды сын есімдерге
ажырат.
• Сұрақтарға жауап бер:
1. Ертегінің басқы бөлігінде жылдың қай мезгілі ту-
ралы айтылған?
2. Не жапырақ жайды?
3. Кенже бүршік қайтті?
4. Ол қандай жапыраққа айнекпы?
5. Жасыл жапырақ табиғаттың ондай көріністеріне
қайран қалды?
7. Мазмұндама жазуға дайындал. Ол үшін келесі реттіліктерді
жүзеге асыр:
1. Мәтін о . Түсініксіз сөздер мен сөйлемдерді анықта
Олардың ретін тағынасы мен мазмұнын біліп ал.​

Показать ответ
Ответ:
АэлинкаМалинка
АэлинкаМалинка
01.06.2020 00:40

Шығарма

Халық ауыз әдебиеті.

Халық ауыз әдебиеті – халқымыздың талай ғасырлық жемісі.Оны бізге халық жыраулары,жыршылары,ертекшілері осы сонау ықылым заманнан рухани асыл қазына ретінде сақтап,ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп,бүгінгі біздің дәуірімізге жеткізген.Әсіресе,халық ауыз әдебиеті,аты айтып тұрғандай,ауыздан-ауызға тарағаны белгілі.Ауыз әдебиетінің шығарушысы да, таратушысы да, тыңдаушысы да — халық. Сондықтан ол, шын мәнінде, халықтың өз еншісі болып табылады."Біз ескі әдетімізді сүйеміз,сүюіміз дәлелсіз емес.Құрметтейміз, құрметіміз орыныз емес.Себебі,әдебиетімізде өзге жұрттың әдебиетінде жоқ нәрселер табылып отыр" деп қазақ жазушысы Мұхтар Әуезов бекер айтпаған деп білемін.Себебі,расында,біздің әдеби қорымызда көптеген баға жетпес туындылар бар.

Тұрмыс-салт жырларынан бастап,эпостық жырларға дейінгі бай мұра халық ауыз әдебиетінің жанрлық бейнесін көрсетеді.Тұрмыс-салт жырларының өзі бірнеше түрге бөлінеді.Мақал-мәтелдер,жұмбақтар мен жаңылтпаштар,лиро-эпостық жырлар,айтыстар,тарихы жырлар мен шешендік сөздер сол заманның бейнесін біздің көз алдымызға әкеледі.Халық ауыз әдебиетінде бәрі-бәрі баян етілген.Халықтың тұрмыс-тіршілігі,арманы,қиялы,мақсаты,көрегенділігі бәрі де ұштасқан."Алпамыс батыр",'Қобыланды батыр" жырларынан бабаларымыздың ерлігін,батырлығын,"Қозы Көрпеш - Баян Сұлу","Қыз Жібек" лиро-эпостық жырларынан махаббатты,қайсарлықты көреміз.Жаңа өмірге келген сәбиден еңкейген қартқа дейін өткізілетін түрлі салт-дәстүрлерді біз тұрмыс-салт жырларынан көреміз.Ал ертегілер сені өзге әлемге сапар шектіреді.Мақал-мателдер,жұмбақтар мен дана би-шешендерімізден қалған шешендік сөздерде таусылмас ақыл дариясы жатыр.Ия,бұның бәрі бір қазақ халық ауыз әдебиетінде жатыр.Халық ауыз әдебиеті - ол шығармалар жиынтығы ғана емес,кешегіге апаратын көпір,бізді тарихымызбен байланыстырушы.

"Әдебиет пен өнер ұлы болмаған жерде - ұлт та ұлы бола алмайды" деп Ғ.Мүсірепов айтқандай,төл әдебиетімізді төрде ұстап, мәңгі қастерлейік!

0,0(0 оценок)
Ответ:
andrew22091996
andrew22091996
01.06.2020 00:40
Ауыз әдебиеті — халық шығармашылығының айрықша саласы, ауызша шығарылып, ауызша тараған көркем-әдеби туындылардың жиынтық атауы. Қазақ халқының мұндай сөз өнерін ғалымдар ауыз әдебиеті деп атаған. Сонымен бірге ғылым мен мәдениетте “халық шығармашылығы”, “халық поэзиясы”, “халықтың ауызша сөз өнері” дейтін атаулар да осыған жақын мағынада қолданылады. 1846 жылы ағылшын Вильям Томс ұсынған “фольклор” (ағылшынша lolk — халық, lore — білім, даналық) сөзі де ауыз әдебиеті атауы үшін халықаралық ғылым атау ретінде орныққан. Бұлардың қай-қайсысы да бірінің орнына бірі қолданыла береді. Бірақ мағыналары бір емес. [1]Мысалы, “халық поэзиясы” дейтін ұғым өлең түрінде айтылатын поэзиялық жанрларды жинақтап атауға лайық болса, “халық шығармашылығы” — халық шығармашылығы мен өнерінің барлық түрлерінің жалпы атауы, “ауызша сөз өнері” — прозалық та, поэзиялық та шығармалардың ортақ ұғымы. Бұларға қоса “халық даналығы”, “халық білімі” деп аударылатын “фольклор” терминінің мән-мағынасында да елеулі айырма бар. Батыс Еуропа, Америка, Австралия халықтарының ұғымында бұл сөздің мағынасы тым ауқымды. Ол халықтың киім-кешек, құрал-жабдық, әдет-ғұрып, тұрмыс-салт, наным-сенім, сондай-ақ түрлі көркем өнерін (поэзия, музыка, би, ою-өрнек, тоқыма өнері, т. б.) тұтастай атау үшін қолданылады. Бұл жағынан алғанда ол тек ауыз әдебиетін ғана емес, “этнография”, “этномәдениет” дейтін ұғымдармен де сабақтасып жатыр. “Фольклор” атауы орыс ғалымдарының зерттеулері арқылы халықтың ауызша поэтикалық шығармашылығы деген мағынада қалыптасқан. Қазақ әдебиеттану ғылымындағы “ауыз әдебиеті” деген ұғым да “фольклордың” осы мәнімен сабақтас.[2] Бұлар бірін-бірі толық алмастыра береді. [3]Ауыз әдебиетіін зерттейтін ғылымды “фольклортану” деп атау да осыған байланысты. Қазақ халқының ауыз әдебиеті өзінің көркемдік-идеялық нәрімен, эстетикалық қуат-тегеурінімен, түрі мен жанрларының молдығымен, тақырыптық және сюжеттік байлығымен, қоғамдық-әлеуметтік және тәрбиелік терең мән-мазмұнымен ерекшеленеді. Ол — көне тас дәуірінде пайда болып, түркілік тұтастықты бастан кешірген, одан бері де қазақ халқының қалыптасу тарихымен біте қайнасып, бірге жасап келе жатқан теңдесі жоқ рухани мұра.
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота