Қазақ әдебиетінде өзінің інжу-маржан өлеңдерімен өнегелі із қалдыра білген ғажайып ақындардың бірі – Мағжан Жұмабаев. Кіршіксіз сезім мен пәк махаббатқа толы өлеңдері – ғаламат шабытының көрінісі. Кең кеудесінен нұр болып төгілген лирика иірімдері ақынның армансыз лебізіндей. Мағжан ақын мен оның лирикасы біртұтас егіз дүние болып бірігіп кеткен. Әр ақынның, жазушының өзіне ғана тән жазу стилі мен ерекшелігі болады. Ақын – бұр лирикалық қаһарман, ол өзінің атынан тіл қатып, өлең сөзбен “сөйлейді”. Дәл осынау Мағжан Жұмабаевтың «ақындық менін» танытатын өлеңдеріне «От», «Пайғамбар», «Күншығыс», «Тәңірі», «Орал тауы», «Түркістан» атты от-жалынды жырларын жатқыза аламыз. Бұл өлеңдерінде өзара тартылып жататын үлкен идеялық желіні байқаймыз.
Жер бетінде қанша ұлт болса, сонша ұлттық ерекшелік, дәстүр бар. Әр халықтың туа біткен болмысына, өмір кешу жағдайына қарай қалыптасқан осы дәстүрлердің тозығын уақыт өзі екшеп, озығын ел кәдесіне жаратып жатыр. Соның бірегейі есте жоқ ерте замандарда туып, қалыптасып, дамып жетіліп, бүгінгі күннің де қажетіне жарап отырған халық ауыз әдебиеті болса, оның ең бір өміршең жанры – айтыс.
Айтыс – поэзия жанрларының ішіндегі ең қиыны, күрделісі. Айтыс өнері түркі халықтарының ішінде қазақ пен қырғызда ерекше дамыған. Біздің қанымызбен жаралып, рухымызбен таралған дәстүрлі, синкретті өнер.
«Айтыс – сөз барымтасы» деп Мұхтар Әуезов айтқандай, айтыс - қазақ халқының әдеби мол мұраларының бірі болып табылады. «Айтыс» деген атау айтысу, тартысу, дауласу, жарысу, сынасу мағынасында қолданылады. XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басы айтыс өнерінің өркендеп, өрістеген дәуірі болып табылады.