Менің сүйікті бағдарламам - "Наша правда". Алексей Шахматов жүргізетін бұл бағдарлама КТК арнасынан болады. Мен үзбей көріп тұруға тырысамын. "Наша правда" бағдарламасында шынайы өмірден алынған оқиғалар баяндалады. Бағдарламаға түрлі адамдар келіп, өз бастарынан өтіп жатқан мәселелермен бөліседі. Сол мәселенің шешімін табуды көздейді.Әр бағдарламада көтерілетін тақырыптар көптеген саланы қамтиды. Бағдарлама өте қызықты өтеді. Наша правданы тамашалайтын көрермендер де көп деп ойлаймын. Бағдарламаның әр санына арнайы мамандар және сарапшылар келіп пікірлерін айтады. Сондықтан, бұл бағдарламаның болашағы зор.
Ол өзі туралы ешқашан ойламайды, өзгенің көңілін табуға дайын тұрады. Заманымыздың өзге қалталыларындай тапқан таянғанын қара басының игілігіне ғана жұмсамайды. Ойлайтыны әл- ахуалы төмен, от басында науқас жандары бар от басыларына көмек көрсету. Жетім балаларға қатты жаны ашиды. Бүгінгі таңда өз балаларынан басқа 8 сәбидің әкесі, барлығын жетім балалар үйінен алып, тәрбиелеуде. Ол Ақтөбе қаласының тумасы, ол туралы көпшілік біле бермейді, тек көмегі тиген жанұялар оның амандығын тілеп, алғысын айтады. Рахмет, саған мейірімді адам.