Достық – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Дос-жарандардың мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. Сатқындық, екі жүзділік, өтірікшілік, өзімшілдік достықпен сыйыспайды. Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде достыққа үлкен көңіл бөлінеді.Сондықтан арам дос болғанша адал дос бол!
2-тапсырма. Келісу/келіспеу себептерін көрсете отырып, «Біздің елде жас
өнертапқыштар көп» деген пікірмен келісесіз бе? Көтерілген мәселе бойынша
келісу-келіспеу себептерін көрсетіп, эссе жазыңыз. Эссе құрылымын сақтаңыз.
Көлемі - 100-120 сөз.
Эссе жазу барысында ұсыныстарды ескеріңіз!
•Алдымен тақырыпқа топтастыру жасап алыңыз.
•Тақырыптан ауытқымас үшін жүйелі жоспар құрыңыз.
•Сөз санын да жоспарлаңыз.
•Нақты аргументтер келтіріңіз.
•Келісу/келіспеу себептерін көрсетіңіз.
•Эссе шаблонын(кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды) сақтап, сауатты жазыңыз.
Объяснение: