Астана Опера» опера және балет театры Қазақстанның елордасы Астана қаласында Есіл өзенінің сол жағалауында орналасқан. Бұл театр сән-салтанаты асқақ ғимаратымен және залдардың көркемдігімен ғана емес, сондай-ақ талантты труппа орындайтын тамаша репертуарымен таң қалдырады. «Астана Опера» 2013 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен ашылды. Театр өзінің алғашқы маусымын М.Төлебаевтың ұлы туындысы «Біржан-Сара» операсымен ашты. «Біржан-Сара» операсы музыкалық-поэтикалық дәстүрдің жарқын көрінісі. Сол жылдың күзінде «Астана Опера» театрының әлемдік тұсаукесері болып, Дж. Вердидің «Аттила» операсы қойылды. «Астана Опера» опера және балет театры әлемнің аса сәулетті театрларының бірі. Сәулеті бойынша ол Миландағы «Ла Скала», Мадридтегі Корольдік театр, Мәскеудегі Үлкен театр, Нью-Йорктегі Метрополитен-опера және т.б. атақты опера театрларының қатарынан орын алды. Театр сәулетінде ұлттық нақыш айқын көрінеді. «Астана Опера» - алыптығы мен техникалық мүмкіндіктері бойынша әлемдегі үшінші опера театры. Театрдың бас залы 1250 орынға есептелген.
Қай портқа бет алғанын білмейтін кеменің желі де оңынан тұрмайды. (Сенека)
«Қазіргі заман – өзіне сенетін арманы мен осы арманды іске асыруға ерік - жігері бар дарынды, қажырлы адамдардың уақыты»- деген Елбасымыздың данышпан сөзі ойыма оралып отыр. Елімнің болашағы айқын: өркениеті дамыған елдермен терезесі тең өмір сүру. Ал уақыт талап етіп келе жатқан дарындылық пен қажырлылық тек білім мен еңбек арқылы іске аспақ. Кез келген қазақстандықтың осы орайда өз елінің тарихы мен мемлекет тынысын біліп, зерделеп отыруы шарт деп білемін. Ендеше тамаша зерттеуші ғалым Шоқан Уәлихановтың өз кезінде «Халықтың кемеліне келіп, өркендеп өсуі үшін ең алдымен, азаттық пен білім қажет» деуі біз үшін аса кемеңгерліктің белгісіндей. Ұлт тарихын меңгере отырып, сан ғасырлар бойғы ел үшін, жер үшін жанын пида еткен ата - бабаларымыздың қанымен келген бүгінгі бейбіт заманымыздың төл перзенті екенімді әр кез мақтан тұтып, аса қадірлеймін. Мемлекетімізде тыныштықтың орнап, еліміздің жаһандану кезеңінде алға бағыт алуын, өркениетке бет түзеу секілді қадамдардың жасалуы – бәрі - бәрі басшы іскерлігі деп танимын. Басшының дүйім бір елді шебер басқаруына оның елге деген махаббаты халқының қолдауы үшін өте қажет - ақ. Шеберлігінің кілті – отансүйгіштік рухының мықтылығында болар. Ал туған Қазақстанымыздың басшысы – тұңғыш президентіміз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Шебер қаламгер болсам, қазақ тарихында есімі алтын әріптермен жазылар тұңғыш президент және Қазақстан жайында көп ой толғар едім.
Қазақ тарихы әріден басталады. Ал тәуелсіз Қазақстанның тарихи шежіресі, әрине, 1991 жылдан басталмақ.
1991 жыл – еліміздің 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының негізімен орнаған ұлттық - тарихи мәні жоғары тәуелсіздікке қол жеткізген жылы. Осы жылы дүниеге келген «Қазақстан» атты жас мемлекетті басқару ісі Н. Ә. Назарбаевқа жүктелген болатын. Шығыс ойшылы Фирдоусидің: «Алдыңда не күтіп тұр, соны ойла. Игі мақсатқа тура жүрген жетеді»,- деген даналық сөзін ұстанған басшы ел билеу тізгінін қолына алды. Әрбір қазақстандық азамат өз еліне басшы етіп сайлаған көсемінің өмір жолының қарапайымдылығын, я төре, я бай, я үстем тап өкілі емес, халық арасынан шыққан білімді де саналы тұлға екенін білуі керек. 1940 жылдың 6 шілдесінде Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында дүниеге келген жас сәби ақ жаулықты әжесі Мырзабаланың атауымен «Нұрсұлтан» атанғанды. Ата - ананың тамаша тәлімін алған жас Нұрсұлтан мектепті үздік аяқтап, техникалық бағытта білімін жетілдіреді: техникалық училище, жоғары техникалық оқу орындарында білім алады. Байқап қарасам, еңбек жолы да қарапайым: 1960 жылдан Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастайды, кейін партия жұмысына араласады. Партия жұмысына араласу мемлекеттік маңызды істердің бас - қасында жүру деп санаймын. Сол өзі еңбек жолын бастаған комбинатта партия комитетінің қызметтерінен бастап, Қазақ ССР Жоғары Кеңесінің төрағасы болуына жейінгі ұзақ жол, менің ойымша, болашақ ел басшысын мемлекеттік қызмет саласындағы ірі қызметтерге бастама болып, әбден шыңдаған болуға тиіс. Өйткені жас әлемдік өркениет, жаһандану секілді құбылыстардан мүлде бейхабар Қазақстанды аз ғана уақыттың ішінде биіктерден көрсету тек басшының біліктілігі мен шеберлігіне ғана байланысты болмақ.
Алтын адам (5 ғ.) — Алматы облысы Есік қаласының солтүстігіндегі Есік өзенінің сол жақ жағалауындағы темір дәуірінен сақталған сақ обасынан табылған алтын киімді сақ жауынгерінің мүрдесі. 1969-1970 жылдары археолог К.А. Ақышев тапқан. Топырақ қорғандармен ұштасып жатқан қорым солт-тен оңт-ке қарай 3 шаршы км жерді алып жатыр. 40-тан астам обадан тұратын қорымның оңт. шетінде биікт. 6 м, диаметрі 60 м үйінді төбе астынан екі қабір ашылды. Біреуі ертеректе тоналған. Екіншісінен жасы 17-18 шамасындағы сақ жауынгерінің мүрдесі ашылды. Қабір шырша бөренелерден жасалған, көлемі 3,3х1,9 м, биікт. 1,5 м, сол жақ бөлігіне қойылған сақ жауынгерінің басы батысқа қаратылып жатқызылған. Қабірдің оңт. және батыс шеттерінде металл, қыш, ағаштан істелінген ыдыстар, зергерлік бұйымдар қойылған. Қабір ағаш қақпақпен жабылып, темір құрсаулармен бекітілген, еденіне тақтай төселген, ал адам қойылатын жеріне алтын жапсырмалармен безендірілген төсеніш салынған. Алтын адам киімі 4 мыңға жуық алтын әшекейлермен безендірілген. Әшекейлер барыс, бұлан, таутеке, арқар, ат, түрлі құс бейнелерін беретін “хайуанат нақышында ” жасалған. Бас сүйектің сол жағынан жаһұт тастармен әшекейленген алтын сырға табылды. Бас киімі кейінгі қазақ киімі үлгілеріне ұқсас, биік, шошақ төбелі, ұзындығы 70 см шамасында. Мойнында дөңгелек жүзік сияқты алтын алқа, іш көйлегі, көкірегінің тұсы, жеңі алтын тоғалармен өрнектелген, саусағында екі алтын жүзік, камзолы құрастырылмалы ауыр белбеумен буылған. Белбеуге аңға ұқсас бейнелер, 16 тоға жапсырылған, оң жағында қызыл қынапты ұзын семсер, сол жағында алтын пластиналар жапсырылған қынға салынған темір қанжар — ақинақ, шалбар балағы да алтын тоғалармен әшекейленген. Есік обасынан алынған археол. мәліметтерге қарап, бұл адамның б.з.б. 5-4 ғасырларда өмір сүргені анықталды. Киім үлгісі, жерлеу рәсімі, А. а-ның Жетісу жерін мекендеген сақтардың көрнекті елбасының ұлы немесе жас көсем, әскербасы екенін айқын көрсетеді. Көне дәуірдегі материалдық мәдениет, өнер, мифология т. б. салалардан мол дерек беретін Алтын адам сол кездегі сақтарда мемл. өркениет ертеден қалыптасқанын дәлелдейді. Алтын адам — Қазақстанның азаттық символына айналды. Оның тұлғасы Алматының бас алаңына орнатылды, төбе бөркіндегі қанатты тұлпарлар бейнесі Елтаңбамызға енді.
«Президент – ел тірегі» атты шығарма