іне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына да 60 жыл өтті. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің тылдағы қажырлы еңбегімен жеңісті шыңдаған, станоктың қасынан, егін даласында, күні-түні мал бағып, тынымсыз жұмыс істеген жұмысшылар, ауыл адамдары тойлайды. Бұл мейрамды біздің аяулы да даңқты әйелдеріміз - өздерінің әкелерін, ерлерін, ұлдарын және сүйіктілерін көзінен жасы сорғалай жүріп төзімділікпен күткен, олардың орнын жоқтатпаған аналар мен жұбайлар, қалыңдықтар мен қыздар тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің әкелері мен ағалары қанын төгіп, жанын қиып бақытты өмірін қамтамасыз еткен Ұлы жеңістің құрдастары тойлайды. Ұлы Жеңіс күні елі мен жері үшін жанын пида еткен, туған-туысқандарына, жақын-жарандарына, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл елі болып еске түсіреді.
Бұл мейрамды бұрынғы кеңес одағына кірген 15 одақтас республика халқымен бірге, кеңес халқы неміс басқыншыларынан азат еткен Еуропа елдерінің Варшава мен Прага, Будапешт пен Бухарестің, София мен Белградтың, Париж бен Венаның, жер шарының басқа да көптеген қалаларының тұрғындары тойлайды.
Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр күндер болды. Төрт жыл, 1418 күн мен түн бойы өз жері мен отаны үшін, келешек ұрпақ үшін жан қилы соғыс жүріп жатты.
Бір күшке жиналған орыс пен тәжік, грузин мен белорус, қазақ пен украин қарсы алдындағы жауға алмас қамал болып жұмылды...
Қала мәртебесі берілген елді мекендер Қазақстанда көп.Облыстық қалаларда халық саны 50 мыңнан ,аудандық қалаларда 8мыңнан асуы тиіс.Елімізде Астана,Алматы,Қарағанды,Шымкент,Семей,Өскемен,Ақтөбе,Павлодар,Тараз,Петропавл,Теміртау,Орал ,Қостанай ,ҚызылордаАқтау,Атырау сияқты ірі қалалара бар.Үлкен қалалар қатарына жату үшін халық саны 10миллионнан асу керек.Дүниежүзінде мұндай үлкен қалалар 2 мыңдай,ал100-120 қаланың халық саны бір миллионнан асады.Халық саны бір миллионнан асатын қала саны Қазақстанда екеу;олар Алматы және Шымкент.Әрине ,қалаларда өнеркәсіптік өндіріс,құрылыс,қаржы,сауда,көлік,ғылым, мәдениет салалары дамыған болуы керек