NAJDIIDIM
1-тапсырма. Жалғаулық шылауларды пайдаланып, жай сөйлемдерді
құрмалас сөйлемге айналдырып жаз.
1. Тоқтар Әубәкіров – қазақтың тұңғыш ғарышкері, Кеңес Одағының
Батыры (1988). 2. Ол 1946 жылы Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында өмірге келген. Ол реактивті ұшақтың елуден астам жаңа түрін сынақтан өткізді. 1990 жылы ғарышкерлер құрамына алынды. 1991 жылы 2 қазанда Байқонырдан Союз ТМ - 13 кемесімен ғарышқа ұшты. Ол өзге ғарышкерлер мен бірге биотехнология, металлургия, медицина салалары бойынша ғылыми - зерттеу жұмыстарын жүргізді. Арал аймағы бойынша ғылыми - зерттеу жұмыстарын жүргізді. Ғалымдар аймақтың экономикалық жағдайы жайлы дабыл қағуда
«Отан – отбасынан басталады» дегендей отанды сүю- отбасынан басталатыны рас!
Себебі, отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.Адамның жеке басының қалыптасуы отбасынан басталады.Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді.
Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Жеке адамның бойындағы ар-ұятын , ақыл-ойын ,адамгершілігін , мәдениеттілігін тәрбиелеуде отбасы – алғашқы қадам.Отбасы – өте қажетті, басқадай еш нәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ.
Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті де біз отбасын Отанның кішкентай бір бөлшегі ретінде қарастырамыз.