Қонақжайлық – қазақ халқының ұлтық салт-дәстүрінің бірі. Сонымен қатар адамдар арасындағы сыйластықты, бір-біріне деген құрметті білдіретін, кісінің адамгершілігін, имандылығын айқындайтын қасиет. Адамдарды тіліне,дініне, ұлтына бөліп-жармай, достық ықылас көрсетіп, ас беру қонақжайлықтың негізгі белгісі. Қазақ халқының қонақжайлық қасиеті мен дәстүрі шетелдік саяхатшылар мен ғалымдар әр кезде таң қалдырған. Дәстүрлі қазақ қоғамында әкенің балаға қалдыратын мұрасының белгілі бір бөлігі міндеті түрде қонаққа тиесілі енші деп есептелінген. Қазақ жері кез келген жолаушының кезіккен ауылдан тамақтанып, тынығып алуына мүмкіндігі болған. Әрбір үй иесі оны барынша пейілімен қарсы алып, ақ тілеумен шығарып салуды өмірдің айнымас шартына балады. қазақ жерінде қонақжайлылық әлі де қалыптасқан. Оған себеп Қазақстан жерінде 130 - дан астам ұлт-өкілдерінің тұруы.
Мен өзімнің балалық шағым туралы еске алсам бір қуанышқа бөленіп қаламын. Мүмкін Сізге менің балалық шағым туралы әңгіме қызық болмас, дегенмен құлақ салыңыз, маған қазір тыңдаушы керек болып тұр. Ол кезде саған барлық адам тең, әлеуметтік, қаржылық, қызметтік теңсіздіктердің маған қатысы жоқ сияқты. Менің ата-анамнан кейінгі қатты құрметтейтін адамым ұстазым. Ол әріптерді үйреткенде, онан соң ол әріптерден сөз құрағанда, бұл неткен сиқыр,- деп таңқалушы едім. Бала кезде бәріне таңқаласың, бәрі тамаша болып көрінеді. Бейне ертегідегідей. Ересектерде солай тап-таза болса, шіркін, бұл да бір арман.