В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
nata714
nata714
20.05.2020 17:45 •  Қазақ тiлi

написать диалог с железнодорожником

Показать ответ
Ответ:
12VikaSmirnova34
12VikaSmirnova34
10.02.2022 09:58

1. Мұражайдан аулақ. Бұл кеңесім құлаққа түрпідей естілсе де, алдымен бір нәрсені ойланып көрелікші: басқа қалаға барғанда, саған оның өткен күнінен гөрі бүгінгісі қызық болмай ма? Мұражайға баруды адамдар талқыға түспейтін міндеттей көреді. Бала жастан балалары мәдениетке бір табан жақын болсын деп, ата-аналары қандарына сіңісті қылып тастаған. Әрине, мұражай барған дұрыс, бірақ, алдымен өзіңнің не көргін келетінінді біліп барғанын абзал. Әйтпесе, мұражайдан ұзай бере өмірде бір-екі маңызды нәрсе көргеніңді, сөйт тұра, олардың не екенін білмейтіндігін аңғарылып, бір түрлі сезім ұяламақ.

2. Барларға бар. Қаланың нағыз тіршілігі сонда. Мен бұл жерде дискотеканы емес, сыра ішіп, құдай туралы, ғалам туралы, дүние хақында еркін талқы жасап, кіммен болсын, ашық, еркін әңгімелесе беретін жергілікті тұрғындарды меңзеп отырмын. Жай ғана бір газет сатып ал да, біреуінің қасына барып отыр, болып жатқан оқиғаларға назар сал. Егер бірі келіп, өздігінен әңгіме бастап жатса, ол әңгіменің саған қызықсыз болғанына қарамастан, әңгімеге қосылып кет. ...Жолда жатқан сұлулық ешқашан ашық есіктен көрінбек емес.

3. Ашық бол. Жақсы гид - жергілікті жұрттың өзі. Олар бәрін біледі, қаласымен мақтанады, бірақ, агенттікте жұмыс жасамайды. Жай ғана көшеге шық та, бір адамды таңда. Мәселен, мынадай сұрақ қойып көр: қалай жол тапсам болады? Ал егер біріншісімен жол болмай жатса, онда екінші бірі міндетті түрде келісе кетпек. Міне сонда, мен айтқандай, күні бойына жақсы ерісті (сопровождение) табатын боласың.

4. Жалғыз саяхатта немесе егер жолдасың болып жатса, серігіңмен шық. Тек, осылай ғана шынымен өз еліңді тастап кете аласың. Ал егер сен топпен бірге қыдырыстап жүрсең, саяхаттың бар мәні онда көз алдыңда жоғалмақ. Гидтпен ере жүріп, өз тіліңде сөйлеп, келіп жеткен жердің қызығын емес, шыға берістегі өсек болады аңдығаныңыз.

5. Салыстыра көрме. Ешнәрсені салыстырушы болма: бағасын, тазалығын, өмір сапасын, транспортын. Ешнәрсесін! Өзіңнің жақсы өмір сүретіндігіңді дәлелдеу үшін саяхаттап жүрген жоқсың. Өзгелердің тұрмыс-тіршілігімен жақынырақ таныс және олардан нені үйренуге болады екен, соны тап.

6. Бәрінің өзіңді түсінетінін біл. Егер сен сол елдің тілінде сөйлей алмасаң да, қорықпа: мен өз басым көптеген елдерде болып, әр жолы сөзбен түсіндіре алмай жатқан тұстарда да көмек табатынмын. Маңызды кеңестер мен, тіпті, жақсы достарды тауып қалатынмын.

Біреулердің бір қорқынышы, саяхатқа егер жалғыз болып барса, адасып кетем бе деп қорқады. Қонақүй визиткасы қалтаңызды жүрсін немесе қысылтаяң шақ туа қалса, такси қызметін пайдаланып көрерсің.

7. Шектен тыс көп зат сатып алма. Қаржыны өзіңмен бірге алып жүруге тура келмейтін, қалтада жүретін заттарға жұмса: театрға билеттер, экскурсия. Қазіргі уақытта барлық нәрсені интернеттен-ақ  сатып ала қоюға мүмкіндік бар.

8. Бір айда әлемді аралап шығуға тырыспа. Бір аптада бес қаланы араламай-ақ, одан гөрі, бір қалада төрт-бес күнге жата тұр.

Қаланы қырсық келіншекпен салыстыруға келетіндей. Барлық тұсын көру үшін және өзіңді ынтық етуі үшін біраз уақыт қажет.

9. Саяхат - бұл қызық оқиға. Генри Миллер айтып кеткендей: «Римге барып, Сикстин капелласына бас сұғуға міндетті болып көрінгенше, оның орнына, ешкім естіп-білмей келе жатқан ертеректегі бейтаныс шіркеуді ашқан дұрыс».

Өміріңді өзгертуі мүмкін көшелердің бәрін кезіп шық. Еркіндікті толық сезін де, өзің іздеген және бұрын-соңды ешқашан кезіктіріп көрмеген нәрсені тап.


0,0(0 оценок)
Ответ:
0208
0208
02.06.2020 10:25

Қазақстан Еуразия материгінің орталығында орналасқан, оның жер көлемі 2 млн. 715 мың шаршы шақырым. Қазақстанның батысында Каспий теңізінен, шығысында Алтай таулары дейін 2925 шақырым, солтүстігінде Батыс Сібір жазықтығыныңоңтүстігі мен Орал тауларының сілемдерінен, оңтүстігінде Тянь-Шань биік таулы жоталары мен Қызылқұм шөлдеріне дейін 1600 шақырымға созылып жатыр. Осыған байланысты Қазақстанның табиғат жағдайдары да әртүрлі. Мұнда жазықтық жерлердің сан алуан түрлері солтүстігінде орманды далалардан басталып, оңтүстіктегі шөл-шөлейттерге, құмды, сазды, тасты, сортаңды шөлдерге жалғасады. Таулы-тасты жерлері аласа таулы жоталардан басталып, Алтайдың тайгалы ормандары мен Тянь-Шанның қарлы шыңдарына ұласады; сулары - Каспий, Арал теңізі, Балқаш, Зайсан, Марқакөлкөлдерінен және Жайық, Сырдария, Шу, Іле, Қаратал,Ертіс, Есіл, Тобыл сияқты тасқынды өзендер мен жылғалардан тұрады. Қазақстан жерінде алуан түрлі жануарлар мен өсімдіктер әлемі кездеседі. Мұнда бомыртқалы жануарлардың 835 түрі бар. Соның ішінде сүтқоректілердің 178 түрі: құстың - 500-жуық, бауырымен жорғалаушылардың - 49, қосмекенділердің - 12, балықтың - 104, дөңгелекауыздылар немесе балықтәрізділердің 3 түрі тіршілік етеді. Атап айтқанда кез-келген адамға таныс аю, қасқыр, түлкі, қоян, кірпі, үйректер, тырна, қаз, аққу, бүркіт, улы сұр жылан, бақа, алабұға, шортан және тағы басқалар кездеседі.


Бұлар бір-бірімен сыртқы түрі, пішіні және т.б. ерекшеліктеріне қарай түрге, туысқа топтасып, үлкен бір бірлестікті құрайды. Қазақстанда сұр жыланның - 2, тырнаның - 3, Аққудың - 3, бүркіттің - 5, қаздың - 7, ал үйректің тіпті 26 түрі бар. Омыртқасыз жануарлардың әртүрлері өте көп, оларға - жәндіктер, өрмекшілер, кенелер, балқылдақденелілер, құрттар және басқа қарапайымдылар жатады.

Бұлардың көбі әлі зерттелмеген, сондықтан зоологтар жыл сайын олардың жаңа түрлерін зерттеп, сипаттап жазуда. Қазақстан ғалымдарының зерттеулері бойынша, біздің республикамыздың жерінде омыртқасыз жануарлардың 50 мыңға жуық түрі тіршілік етеді, бұлардың ішінде дене мөлшерінің кішілігіне қарамай, адам өмірі үшін маңызы зор түрлері де бар. Біреулері адамға тамақ ретінде (шаянтәрізділер, былқылдақденелілер); екіншілері - кәсіптік маңызы бар аңдарға жем ретінде (құстар мен балықтар); үшіншілері - адамдар мен жануарлар ауруын тасушылар (қарапайымдылар, биттер, бүргелер, масалар, кенелер, құрттар) болып табылады. Көптеген омыртқасыздар ауылшаруашылығының зиянкестері, кейбіреулері - (қарақұрт, сарышаян, бүйі) улы, тағы басқа түрлері адам үшін өнімдерімен пайдалы: бал аралары - бал, балауыз, прополис; жібек құрты - жібек; кейбір балқылдақденелілер - маржан және т.б. береді.

Қазақстан аумағының көп жерін жазық жерлер алып жатқандықтан, оның жануарлар дүниесінің сипаттамасын далалы аймақтан бастаймыз. Жазық жерлер ел аумағының төрттен бір бөлігін алып жатыр. Қазақ мәдениетінің бесігі, дала табиғаты қазақ өмірінің әдет-ғұрпын тудырған, ол халық әндерінде, аңыз, ертегілерінде айтылған.

а это второй
Жануарлар (лат. Animalia) — тірі организмдер дүниесіндегі негізгі екі топтың бірі (екіншісі – өсімдіктер); жүруге және сезінуге бейім тіршілік иесі; негізінен, дайын органикалық қосылыстармен қоректенетінгетеротрофты организмдер. Жануарлар құрылысына қарай бір жасушалы организмдер және көп жасушалылар болып екі топқа бөлінеді. Жер бетінде жануарлар прокариоттар (ядросыз организмдер),балдырлар, саңырауқұлақтардан кейін пайда болған. Палеонтологиялық зерттеулерге қарағанда олардың жасы – 0,8 млрд. жылдан аспайды (1998). Жануарлардың дамуы да қоршаған ортаның эволюциялық дамуына сәйкес қалыптасқан. Эволюциялық өзгерістер сыртқы ортаның өзгерісіне организмдердің бейімделуімен ұштасады. Мысалы, құрлық жануарларының арғы тегі су жануарлары болып саналады. Ал қоршаған ортаға бейімделе алмаған құрлық жануарлары бұрынғы тіршілік ортасында қалып қойған. Жануарлардың қазба қалдықтарын зерттеу нәтижесі қарапайым организмдердің архей эрасында мұхиттарда бұдан 1 – 1,5 млрд. жыл бұрын жасуша формасында хлорофилсіз амеба тәрізді талшықтылар түрінде пайда болған деп жорамалдауға мүмкіндік береді. Протерозой эрасында тіршілік еткен жануарлар қалдықтарынанрадиоляриялар, фораминифералардың іздері, губкалардың қаңқалары, буылтық құрттардың түтікшелері,моллюскілердің бақалшақтары, тіпті буынаяқтылардың да қалдықтары табылған. Жануарларда ас қорыту, қан айналу, жүйке жүйесі, сезім және жыныс]органдары, тыныс алу, зәр шығару жүйесі жақсы жетілген. Дүние жүзінде жануарлардың 1,6 млн-дай түрі, 17 типі бар. Жануарлардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы өте зор: көпшілігі пайдалы болып табылады. Азық-түлік, әртүрлі өнеркәсіп шикізатын: ет, май, сүт, тері, жүн, бал, жібек, мүйіз, бақалшақ, т.б. береді. Сондай-ақ, олар – ауыл шаруашылық дақылдарының тозаңдатушылары, топырақ түзушілері, басқа жануарларға азық қорлары, органикалық заттардың ыдыратушылары болып табылады. Жануарлардың өнімділігін арттыруды, тиімді пайдалануды және табиғаттағы қорын сақтауды зоология ғылымы мен оның салалары зерттейді.
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота