Тас парақтарда жазылған тарих немесе «Таңбалы» сапаршы орталығы кешенінде болғандаЖақында Алматы облысына қарасты Жамбыл ауданының Қарабастау кентінде «Таңбалы» сапаршы орталығы кешенінің тұсаукесер рəсімі өтті. Кешке Қазақстанның туризм саласының дамуына атсалысып жүрген біраз ғалымдар мен БАҚ өкілдері, өз жобаларын ұсынған кəсіпкерлер мен шетелден келген қонақтар қатысты. Шараның мақсаты — тарихымыздан сыр шертетін «Таңбалы тас» қасиетті мекенін көркейту, зерттеушілерге оның тұнғиықта тұнып жатқан сырларын анықтауына мүмкіндік жасау. Жиналған қауым «Таңбалы тас» қорығына экскурсияға шықпастан бұрын, сол мекен туралы қысқаша ақпарат беретін жаңа ашылған мұражайды аралап, танысып шықты.