В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
anikeevae
anikeevae
15.08.2020 23:15 •  Қазақ тiлi

Написать эссе по казахскому языку на тему менің сүйікті ертегім

Показать ответ
Ответ:
searchsignal
searchsignal
31.08.2020 16:25

Үш қыз.

(татар халық ертегісі)

         Ерте заманда бір әйелдің үш қызы болыпты. Қиыншылыққа қарамай, күні-түні еңбектеніп, олрады елден кем қылмапты. Үш қыз да бірінен-бірі асқан әдемі, сұлу болыпты. Уақыт өтіп, қыздар өсіп, бойжетіп, кезегімен күйеуге шығып, жан-жаққа кетіп, аналары жалғыз қалыпты.

         Көп жылдар өткен соң аналары қартайып, ауырып жатып қалады. Қатты ауырған әйел жақын маңдағы орманда тұратын Сары тиінді шақырып, мөтініш жасайды.

-         Тиін, тиін, маған қыздарымды шақырып берші!

Сары тиін қыздарын іздеп кетеді. Тиін үлкен қыздың үйіне келіп, терезесін қағып:

-         Аналарың қатты ауырып жатыр, тез жет!-дейді.

-         Әттеген-ай! Мен барар едім, бірақ мына екі шараны тазалауым керек, -деп алдындағы шараларды көрсетеді.

-         Анаңнан саған шаралар қымбат болғаны ма?-деп Сары тиін ашуланады. Олай болса, әрқашанда шараларыңнан айырылмай жүр!

Тиін осы сөзді айтқаны сол екен, қос шара қыздың денесіне жабысып, үлкен тасбақаға айналдырып жібереді.

         Сиқыршы Сары тиін әйелдің ортаншы қызына барады.

-         Аналарың қатты ауырып жатыр, тез жет!-дейді.

-         Қап! Мен қазір-ақ барар едім. Бірақ жәрмеңкеге әдемі тоқыма дайындап үлгеруім керек, -деп ортаншы қызы жауап береді.

Ашуланған Сары тиін.

-         Саған анаңнан тоқыма қымбат болса, өмір бойы тоқыма тоқы,-деп өрмекшіге айналдырып жібереді.

Сиқырлы Сары тиін әйелдің үлкен екі қызына көңілі толмай, ренжіп, үшінші кенже қызына келеді.

-         Анаң қатты ауырып жатыр, тез жет!- деп Сары тиіннің айтқаны сол еді, кіші қызы илеп жатқан нанын қоя салып, былғанған қолымен анасына жүгіріп кетеді.

-         Сенің жүрегің қандай жұмсақ! Саған да адамдар әрқашан қайырымды болсын! Өмірің ұзақ болсын! Бақытты бол! Жасаған жақсылығың ұмытылмасын! Адамдар сені әрқашан құрметтеп, жақсы көрсін!-деп Сары тиін қызға алғысын білдіреді.

Сөйтіп әлгі әйелдің кенже қызы көп уақыт бақытты өмір кешті. Сары тиін оны адамгершілігіне, қамқорлығына қарай еңбекқор бал араға айналдырады. Содан бері бал араның алдыңғы екі аяғы әрқашанда тәтті балға малынып, жүрген жеріне шаттық пен қуаныш сыйлайды екен.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота