Ұлы Дала. Ғасырлар бойы ұрпақ өсірген кең-байтақ қазақ жері. Халқымыз оның қадір-қасиетін жақсы түсініп, жоғары бағалаған. Ол тек қана біз емген жер емшегі емес, ол біздің Отанымыз, көне заманнан бері ұрпақ өсірген ата-бабаның мекені. Мен қазақпын деп ешкімнен қымсынбай кең жайлап жүретін қасиетті кеңістік.
Қай заманда болса да қазақ халқы өз жерін қасық қаны қалғанша қорғай білген. Осыған байланысты бір-екі аңыз бен тарихи фактілерді айта кетсек артық болмас. Сонау көне замандардың бірінде қазақ еліне кемеңгер Мәді (Моде) басшы болған деген аңыз бар. Сол аңыз ұрпақтан ұрпаққа айтылып, бүгінгі біздерге жетіп отыр.
Сол басшыға қазақтармен көрші отырған бір елдің патшасы нөкерлерін жіберіп Мәдіден өзінің ең сұлу әйелін және астына мінген тұлпарын беруді талап етеді. Мәді кеңесшілерін жинайды, бөтен елдің басшысының өктем талабын жеткізеді. Кеңесшілері Мәдіге бұлардың талабы бізге көрсеткен қорлық, оны орындауға болмайды, одан да сол елмен соғысқа шығайық деп ақыл айтады. Кемеңгер Мәді біраз ойланып отырып, бір әйелмен бір аттың құнына бола екі ел соғысып, қан төгіскені дұрыс болмас, сұрағанын беріңдер дейді көмекшілеріне.
Осыдан біршама уақыт өткеннен кейін жаңағы көрші елдің өкілдері қайта келіп Мәдіге өз патшаларының қазақтан бір жер телімін талап еткенін жеткізеді. Мәді тағы кеңесшілерін жинайды. Кеңесшілері қазақ жері кең-байтақ, бір пұшпағын берсек одан тарылып қалмас, бергенің дұрыс деп кеңес береді. Кемеңгер Мәді жоқ олай етуге болмайды. Жер мемлекеттігіміздің негізі, аз-көп болсын бөтенге жер беру мемлекеттігімізді жоғалтады. Соғыс ашамыз, ұрысқа дайындалыңдар деп әмір беріп, ата-баба жерінің қадірін білмеген кеңесшілерінің басын алдырады.
Осы аңыз ұрпақтан-ұрпаққа жетіп қазақ халқының өзінің жерін асыл қазына, мұра деп қалай бағалайтынын айқын көрсетіп отыр. Шынын айтсақ бұл аңыз емес, бабалар өсиеті, оны орындауға дайын екендігімізді талай көрсеттік. Кешегі «ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» кезінде қазақтың көп жерін жоңғарлар басып алды, бірақ ел есін жинасымен қазақ батырлары ұзаққа созылған соғыс ашып, сол жерлерді тегісімен қайтарып алды. Яғни бабалар өсиетін орындады. Кеше егемендік алған тұсымызда біздердің мекеніміз қазақ жері деген аты болмаса оның басқа елдермен шекарасы айтарлықтай халықаралық шарттармен айқындалмаған еді. Осының арқасында байтақ жатқан жерімізге көз тігіп, иемденгісі келгендері де болды. Оны біздер, егемендіктің замандастары, жақсы білеміз.
Өсімдік -жер шарының «өкпесі» деп бекер айтылмаған. Тіршілік атаулыны өсімдіксіз елестетуге болмайды.Өсімдіктер әлемі әр түрлі ортада тіршілік етуге бейімделген басқа тірі организмдер сияқты тіршілік-тынысы, пішіні, көлемі жағынан алуан түрлі. Өсімдіктер шөлдерде, ағысы қатты өзендердің, теңіздер мен мұхиттардың түбінде, сол сияқты биік таулардың қар жамылғысы белдеулерінде де өсе алады. Бұлардың әрқайсысының өзіне тән тіршілік нысаны бар. Жер шарында өсімдіктер жамылғысы біркелкі таралмаған.
Орман қоры жер шары бойынша жылдан-жылға азая түсуде. Құрылықтың 62 млн. км² жерін өсімдіктер мен орман алып жатыр.
Орманды қорғау біздің міндетіміз. Орманның адам мен жалпы биосфера үшін маңызы зор.
Орман топырақтағы ылғалды сақтай отырып, су балансын тұрақтандырады. Ылғалды жер өсімдік жамылғысы меу жан-жануарлардын көбейе тусуіне ықпал етеді. Ормаңды алқаптардағы жер асты сулары өзен мен көлдерді қоректендіреді. Орман аң мен құстың мекені, дәрі-дәрмектік өсімдіктер мен жеміс-жидектердің панасы әрі қолайлы тіршілік ортасы болып табылады.Әрбір азамат жалпы халықтық табиғат қорғауды өз мүддесі, азаматтық борышы деп санауы керек.

Объяснение: