Қазақстан Республикасының Қырғызстан және Қытаймен шекарасындағы ең жоғарғы биік шыңы болып табылады, шамамен 7 мың метрдей. Әлемдегі ең әдемі шыңдардың бірі. Оның төртқырлы пирамида іспеттес формасы оған ерекше көрік береді. Шыңның бір жақ бетін мәрмәрлі қабырға безендірген. Оны бағындыруды көптеген туристер армандайды.
Бурабай курортық аймағы
Бурабай Көкше өлкесіндегі ғажап мекен. Мұндағы ең танымал жер Жұмбақтас десек, артық айтпаймыз. Оның тұрпаты бір қарағанда египеттік сфинксті, енді бірде кемпір кейпін, кейде сұлу қызды көргендей әсер қалдырады. Бурабай және Үлкен Шабақты көлдерінің арасындағы қылтадан табиғаттың керемет сұлулығын көре аласыз. Жаныңызды жадыратар жазда көл жағасында демалсаңыз, қыста көңіліңізді сергітер спорттық сауықтарға аударуға болады.
Шарын шатқалы
Бұл Қазақстанның өте көне және көркем жерлерінің бірі. Алматыдан шамамен 200 шақырым жерде орналасқан. Ұлттық паркінің құрамына кіретін Шарын шатқалы отандық және шетелдік туристерді таңғажайып көріністерімен тамсандыратыны рас. Шатқал 12 миллион жылға жуық шөгінді тау жыныстарынан қалыптасқан. Оның құздарының биіктігі 150-300 метрге жетеді. Мұнда өсімдік атаулының 1500 жуық түрі бар, 17-сі Қазақстанның Қызыл кітабына енген
Менің қалам Қазақстанның оңтүстік астанасы Алматы қаласы. Далада үлкен зәулім үйлер өте көп. Кала өте үлкен, халқы миллионнан асады. Қала халқы көп ұлтгы. Алматыда ірі алуан ұлттық мәдени орталығы бар. Қалада көптеген университеттер мен институттар бар. Қаламызды еліміздің ғылыми және мәдени орталығы деп атайды. Алматыда театрлары, мемлекеттік мұражайлары көп. Сондай мұражайдың бірі 1973 жылы құрылған археология-мұражайы. Мұражайда экспонаттар көп. Олардың бірі Есік облысынан табылған сақтардың жас жауынгерінің киімі. Мұражай жауынгердің алтындалған киімі, бешпент, етік, жейде, қайыс белдік, семсер мен қанжар, үлкен екі алтын сақина, сақина мөрі сақталған. Алматы өте әдемі, сүлу, көркем, жасыл қала. Оның көшелері түзу, кең. Тау етегінде саяжайлар мен демалыс үйлері орналасқан. Жазы салқын, қысы жылы.
Хан Тәңірі шыңы