Көктөбе және Алматы телемұнарасы. Теңіз деңгейінен 1130 метр биіктікте орналасқан Көктөбеге фуникулер мен шағын автобустар арқылы жетуге болады. 1967 жылы салынған фуникулер жолдары Алматының ел аузында «компот» деп аталған жер үйлер орналасқан аудан арқылы жүріп өтеді. Көктөбеде мейрамханалар, «Beatles» ескерткіші, хайуанаттар бағы, алтыбақан, атракцион орналасқан. Көк төбеге шығып, Алматы қаласының толық көрінісіне тамсануға болады. Биіктігі 372 метрге жететін Алматы телемұнарасы 1975-1983 жылдары салынған. 2. «Beatles» ескерткіші. Әйгілі ливерпуль төрттігіне арналған ТМД елдерінің аумағындағы алғашқы ескерткіш 2007 жылы қойылды. Қола төрттігінің авторы Эдуард Казарян.