В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
Natali20171
Natali20171
06.10.2022 17:39 •  Қазақ тiлi

написать сочинение с этими словами ​


написать сочинение с этими словами ​

Показать ответ
Ответ:
Nelly175
Nelly175
15.01.2021 06:41

Алдымен дихан егіс алқабын егін егуге дайындайды. Яғни, көктемде жер жыртып, тегістеп, суарып, дән себеді. Онан соң оны уақытымен суарып тұрады, арам шөптерден тазалап, жаз бойы егінге күтім жасайды. Күзде піскен егінді комбайнмен орып, жинап, астықты  автокөліктермен қырманға жеткізеді. Ол жерде бидай тазаланады. Ұн тартқыш диірмендерде бидайды тартып ұн жасайды. Ол ұндардан наубайханада нан пісіреді. Қасиетті тағам нан дастарханға жеткенге дейін  еңбек адамдары осындай сан алуан жұмыстар атқарады.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Ответ:
fukurochanmiup04xjx
fukurochanmiup04xjx
05.10.2021 05:23

Полихромды стиль, ғұн стилі (грек. polychromos — көпбояулы) — қолданбалы өнер түрлерінде, сондай-ақ сәулет, мүсіндеу өнерінде жиі қолданылатын безендіру тәсілі. Басты ерекшелігі – беріліп отырған негізді (яғни затты, қабырғаны, т.с.с.) әр түсті материалдарды пайдалану арқылы сәндеу.

Ғылыми пайымдаулар бойынша, бұл тәсіл Еуразия далалары кеңістігінде б.з.б. 1-мыңжылдықтың соңына қарай қалыптасады, яғни оның алғашқы, ерте үлгілері сақ дәуірінің соңында пайда болады. Бірақ мұның аса жетіліп, кеңінен тарауы б.з. 3 — 4 ғасырларынан басталады. Ал 4 — 5 ғасырлар — ғұндардың атақты Полихромды стилінің шыңына жеткен кезі.

Далалық этностар өнерінің тамаша жетістіктеріне жататын бұл үрдіс “негізге асыл тастар қондыру” (инкрустация), “сіркелеу” (зернь), “сымкәптеу” (скань), “бөгетті эмаль”, “алтындау” мен “күмістеу” сияқты зергерлік тәсілдермен жасалған. Әшекейлі бұйымдарда алтын, күміс, қымбат бағалы жарқырауық тастар көп мөлшерде қолданылған. Мұның тамаша үлгілерінің бірі — жұқа алтыннан қиып, арнаулы ұяшықтарда қызыл түсті тастар қондырылған, аң бейнелі және өсімдік тектес оюлармен мейлінше безендірілген атақты ғұн тәтілері (диадема).

Қазақстан, Еділ бойы, Қара т-дің солтүстік, Румыния, Мажарстан, Польша өлкелерінен табылған 20-дан астам тәті белгілі. Ғұндарда Полихромды стиль үрдісімен жасалған шекеліктер, өңіржиектер, шолпылар, қапсырмалар, сақина-жүзіктер, түймелер кеңінен таралған. Сондай-ақ бұл тәсіл ердің қасын, жүген-өмілдіріктерді, қылыш, қанжар саптары мен қындарын әшекейлеуде қолданылған.

Полихромды стильдің иелері кімдер екендігі көпке дейін ғылымда талас тудырды. Бұл өнердің ең алғашқы туындыларының бірі 1812 ж. Румыниядағы Концешты елді мекені жанынан ашылған қабірде кездесті. Мұндағы таза күмістен құйған тостаған, алтын түймелер мен түрлі асыл тастар бұл өлкеде кездеспейтін мүлде жаңа өнер дәстүрінен хабар берді. Табылымдар көбейе келе, 19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басында мұндай әшекейлерді арнайы қарастыратын ғылыми сала қалыптасты. 1892 ж. француз ғалымы де-Бай осы кезге дейін Еуропада табылған біртектес әшекейлердің басын қосып, мұны көне германдық готика тайпаларының өнері деп жариялады. Пікірді көптеген еур. ғалымдар қолдағандықтан, сол кезде “готика стилі” деген ғылыми атау кеңінен қалыптасты. 20 ғасырдың басында Ресей ғалымдары Э.Р. Штерн мен М.И. Ростовцев “бұлар грек бұйымдары, бірақ оларды Еуропаға таратқан герман (гот) және сармат тайпалары” деген пікірді ұсынды. Осы кезде бір топ ғалымдар, әсіресе неміс ғалымы И.Гампель мен мажар ғалымы Б.Пошта бұл ерекше әшекейлерді ғұн-герман тайпаларының өнеріне жатқызды.

1932 ж. мажар ғалымы А.Алфелди тұңғыш рет бұдан ғұн әшекейлері тобын түпкілікті бөліп шығарды. Кеңестік ғылымда бұлардың ғұн өнері екені көпке дейін мойындалмай, ол сармат-алан тайпаларына таңылды. Әшекейлердің ғұндардікі екенін анықтауда 1950 — 60 ж. А.Н. Бернштам, К.Ақышев, И.П. Засецкая, М.Қадырбаев, т.б. зор еңбек сіңірді.

Қазіргі күнде көне дәуір өнеріндегі Полихромды стиль үрдісінің ең алдымен ғұн стиліне жататыны дау тудырмайды. Қазақстан, Ресей, Украина мен Молдова ескерткіштерін айтпағанда, ғұн полихром бұйымдары Еуропаның Польша, Румыния, Югославия, Чехия, Словакия, Мажарстан, Австрия, Германия, Франция елдерінен табылды. Бұл өнердің қалыптасуы мен таралуы Қазақстаннан бастау алған еур. ғұндар тарихымен тығыз байланысты. Көптеген ғалымдар ғұн стиліндегі бұйымдарды жасаудың бірнеше зергерлік ірі орталық болғанын айтып, олардың Қазақстанда (Бернштам, Қадырбаев), Қара т. солтүстік, Босфорда (Алфелди, Я.Харматта, И.Феттих), Дунай бойында (И.Вернер) орналасуы мүмкін деген болжам жасады. Еуразиялық ғұндар ескерткіштерінің өте көп шоғырланған жері қазіргі Мажарстан өлкелері, әсіресе осындағы ежелгі Паннония аймағы. Қазақ даласынан барған ғұн тайпалары осы маңайда көп тұрған, тарихи оқиғалар барысында олар мажар, неміс, т.б. еуропа халықтарының этногенезіне қатысқан. Ғұндардың қазақ тарихы мен этногенезінде алатын орнын ғұн стиліндегі бұйымдардың қазақ зергерлік өнерінде тамаша сақталуы да дәлелдейді. Ғалымдардың пікірінше, қызыл, сары, көк, жасыл түсті тастарды орнатып, “алтынмен аптап, күміспен күптеп” жасалған қазақи әшекейлер осы ғұн стилінен тікелей бастау алады; қ. Ғұн дәуірінің ескерткіштері.

Турбо-страница

Вы находитесь на странице, адап­ти­ро­ван­ной для быстрой загрузки

Полная версия

Текст доступен по лицензии Creative Commons Attribution-ShareAlike

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота