В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
Kekit
Kekit
05.09.2020 10:03 •  Қазақ тiлi

написать СОР по Казахскому.Заранее

Показать ответ
Ответ:
fhdhkfhydkfhs
fhdhkfhydkfhs
09.02.2021 13:16
Етістіктер мағынасына қарай сабақты етістік және салт етістік болып екіге бөлінеді. мағынасы жағынан тура объектіні, табыс септіктегі сөзді қажет етіп тұратын етістіктер сабақты етістіктер деп аталады. сабақты етістіктер кімді? нені? (кейде табыс септіктің жасырын түрі — не? ) деген сұрақтарға жауап беретін табыс септіктегі сөзбен байланысады. мысалы: сөзді сен баста. бүл сөйлемдегі баста деген етістік сөз деген сөздің табыс септікте тұруын талап етіп тұр. кейде ондай сөздер табыс септіктің жасырын түрінде тұруы да мүмкін. ондайда екі сөздің (табыс септікті сөз бен етістіктің) арасына басқа сөз келтіріп қолданып көру керек. мысалы: өлең айт — өлеңді айт, т. б. сонда табыс септігі айқын байқалады. кейде тура объект мәнін білдіріп тұратын табыс септіктегі сөз сөйлемде қолданылмауы да мүмкін. ондайда етістіктен сұрақ қою керек. етістіктен кімді? нені? деген сұрақ қоюға болса, онда ол — сабақты етістік. мысалы: айт, көр, оқы, т. б. етістіктерден кімді? (нені? ) айт? деп сұрақ қоюға болады. мыс: мен өз елімді сүйемін. не істеймін – сүйемін етістік. кім сүйтін? мен - бастауыш. кімді сүйемін? елімді – толықтауыш. қай елді сүйемін? өз – анықтауыш. бұл сөйлемдегі сүйемін - сабақты етістік. отанымды қорғаймын. мағынасы жағынан тура объектіні — табыс септіктегі сөзді қажет етпейтін етістіктер салт етістіктер деп аталады. салт етістіктер барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктегі сөздермен тіркесе беруі мүмкін, бірақ табыс септіктегі сөзбен байланыспайды. мысалы: қаладан қайт немесе түсінде келді, т. б. болып қолданылса да, нені (ауылды, т. б.) қайт, нені түсінде, т. б.) келді деп айтуға болмайды. сондықтан да бұлар — салт етістіктер. кейбір етіс жұрнақтары салт етістіктерді сабақты етістіктерге немесе сабақты етістіктерді салт етістіктерге айналдыру қызметін атқарады. мысалы: өзгелік етіс жұрнақтары: - ғыз, - гіз, - қыз, - кіз, - дыр, - дір, - тыр, - тір, - ыр, - ір, - р, - т салт етістікке жалғанса, оны сабақты етістікке айналдырады: шам сөнді — шамды сөндірді, т. б. ал ырықсыз (кейде өздік) етіс жұрнақтары сабақты етістікке жалғанып, оны салт етістікке айналдырады: әңгімені айтты — әңгіме айтылды, т. б. досыма (кімге? ) бардым, төрде (қайда? ) жатыр, мектептен (қайдан) шықтым, анаммен (кіммен? ) сырластым. а. с. кітап, анасы, әкем. і. с. кітаптың, анасының, әкемнің. б. с. кітапқа, анасына, әкеме. т. с. кітапты, анасын, әкемді. ж. с. кітапта, анасында, әкемде. ш. с. кітаптан, анасынан, әкемнен. к. с. кітаппен, анасымен, әкеммен. сабақты етістік салт етістік кітап оқы /нені т. с жал жасырын күйде тұр/ гүлді жұлма малды суар мақаланы жаз досыма бардым /барыс септігі/ төрде жатыр /жатыс септігі/ мектептен шықтым /шығыс септігі/ анаммен сырластым /көмектес септігі/
0,0(0 оценок)
Ответ:
LoKotRon2017
LoKotRon2017
24.12.2022 12:54

аңыз әңгімелердің бірінде былай дейді: «Төле бала бірде Әнет бабаға барыпты. Жасы жүзге келіп отырған Әнет баба ынтымақ, ел бірлігі жөнінде әңгіме айтып отырады. «Қалай еткенде бірлік болады, оның күші қандай болмақ?» дегенді сұрайды. Сонда Әнет баба әуелі жауап айтпас бұрын бір бума солқылдақ шыбық алдырады. - Балам, мынаны сындырып көрші? Төле буылған шыбықты олай-бұлай иіп сындыра алмайды. - Енді сол шыбықты біртіндеп сындыршы? Төле ортасынан буылған шыбықты шешіп, біртіндеп пырт-пырт еткізіп, оп-оңай сындырып береді. Әнет баба: - Бұдан не түсіндің, балам? - дейді. Сонда Төле бала: - Түсіндім, баба, бұл мысалыңыздың мәнісі: ынтымағы, бірлігі мықты елді жау да, дау да ала алмайды. «Саяқ жүрген таяқ жейді» демекші, бірлігі, ынтымағы жоқты жау да, дау да оп-оңай алады дегеніңіз ғой. - Бәрекелді, балам, дұрыс таптың. Ел билеу үшін алдымен елді ауыз бірлікке, ынтымаққа шақыра біл. «Бақ қайда барасың, ынтымаққа барамын» дегеннің мәнісі осы, - депті». Әнет баба Қалқаман-Мамыр дауы кезінде бірін-бірі сүйген екі жас жазадан босатылсын деген билік айтады, бірақ оған Мәмбетбай руының басшысы Көкенай батыр көнбейді. Ол Мамырды атып өлтіріп, «енді тентегіңді сен өлтір» деген ауыр шарт қояды. Көкенай батырдың шартына амалсыз көнген Әнет баба «Қалқаман жүйрік атпен шауып өтсін, Көкенай сонда атсын» деген тоқтамға келеді. Бұл жазадан Қалқаман аман құтылады. Шәкәрім Құдайбердіұлының «Қалқаман-Мамыр» поэмасында: «Әнет бабаң - Арғынның ел ағасы, Әрі би, әрі молда ғұламасы. Орта жүзге үлгі айтқан ғаділ екен, Сол кезде тоқсан беске келген жасы», - деп суреттеледі. 1723 жылы көктемде жоңғарлар шабуылы басталып, ел «Ақтабан шұбырындыға» ұшыраған кезде Әнет баба жұртта қалады. Кейін Көкенай бастаған батырлар ұлы бидің сүйегін тауып, Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи мазарына жерлеген. Алматы қаласы көшелерінің біріне Әнет баба есімі берілген.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота