Көптен күткен жаз мезгілімен қоса жазғы демалыс та келіп жетті. Төрт тоқсан бойы сабақ оқыған мектеп оқушылары асығыспен күтетін бұл мезгіл небір қызықты оқиғаларға толы болады ғой. Биыл менің жазғы демалысым өте қызықты өтті. Жылдағы әдетім бойынша демалыс басталысымен мен нағашы атам мен әжеме ауылға бардым. Таңертең ерте тұрып, жайлауға мал жаюға көмектестім. Күні бойы әжемнің дайындаған құрт, май, ірімшік пен қаймағын жеп, қолдың сүтін ішіп, біраз күш жинадым. Ауылдағы достарыммен күнде кешкісін футбол ойнадық. Осылай бір ай уақытым зымырап өтіп кетті.
Ауылдан қайтып келген соң, мен жазғы лагерьге демалуға бардым. Ондағы өткізген әрбір күн өз ерекшелігімен есте қалды. Күнделікті түрлі - түрлі сайыстар өткізіліп, біз барлығына белсене қатысып, жүлделі орындарға да ие болдық. Ол жерде көп балалармен танысып, жаңа достар таптым.
Лагерьден қайтып үйге келген соң, отбасымызбен шетелге қыдыруға бардық. Бұрын шетелге шықпағандықтан, бұл менің ұшаққа алғаш мінуім еді. Біз онда күні бойы қыдырып, түрлі мұражайларға бардық, саябақтарда серуендеп, мұхитта суға түстік.
Биылғы жазғы демалысым өзіме қатты ұнады. Жаңа оқу жылына біраз күш жинап, өте жақсы демалдым.
Майя Манеза - 1985 жылы 1 қарашада Қырғыз КСР-інің Тоқмақ қаласында туған. 2012 жылғы Лондондағы Жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы. Ұлты — дүнген.
Әкесі - Манеза Салахар, кәсіпкер. Анасы - Манеза Руфина, үй шаруасымен айналысады.
Қазіргі уақытта Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтында білім алуда.
Дүнген және орыс тілдерін біледі.
2007 жылдың тамыз айынан - ауыр атлетикадан ҚР Ұлттық құрама командасының мүшесі. Ауыр атлетикадан 63 кг дейінгі салмақ дәрежесінде екі жаттығу жиынтығы бойынша 246 кг жинаған әлем чемпионы (Оңтүстік Корея, 2009), ал 2011 жылы күміс жүлдегер. Серпе көтеруден 141 кг көтеріп, әлемдік рекорд жасаған. XVI Азия ойындарының алтын жүлдегері (2010), ауыр атлетика бойынша ҚР кубогының иегері, ауыр атлетика бойынша Азия чемпионатының қола жүлдегері (2009). «Құрмет» орденімен марапатталған (2009). ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері (2009). Ал 63 келі салмақ санатында жарыс жолына шыққан М.Манеза жұлқа көтеруде 109 келіні бағындырып кіші қола медальға, ал серпе көтеруде 139 келіні еңсеріп кіші алтын медальға ие болды. Екі сайыстың қорытындысында үлкен күміс медальды қанжығасына байлады. Өкініштісі, серпе көтеру сайысында 147 келіге тапсырыс берген қазақстандық спортшы оны еркін еңсергенімен, төрешілер тарабы есепке алмай қойды. Ал осы салмақ санатында әлем чемпионы атанған ресейлік Светлана Царукаева жұлқа көтеруде 117 келіні бағындырып, әлем рекордын жаңартты. Есте болса, дәл осы спортшы 2009 жылы Оңтүстік Кореяның Коян қаласында өткен әлем чемпионатында М.Манезамен бірдей салмақты бағындырғанымен өз салмағының біздің спортшыдан сәл ауыр болуына байланысты күміс жүлдені қанағат тұтқан болатын.
Лондонда өтіп жатқан ХХХ Одимпиада ойындарында 63 кг дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық спортшы Майя Манеза Олимпиада чемпионы атанды. Ол жұлқа көтеруде 110 кг, серпе көтеруде 135 кг бағындырып, 245 кг көрсеткішпен Олимпиада рекордын жаңартты. Кезінде өзі орнатқан әлем рекордын жаңарту үшін 144 кг салмаққа тапсырыс беріп еді, сәл күші жетпей қалды.
Демалыста (мезгіл үстеулерін қолданумен)
Көптен күткен жаз мезгілімен қоса жазғы демалыс та келіп жетті. Төрт тоқсан бойы сабақ оқыған мектеп оқушылары асығыспен күтетін бұл мезгіл небір қызықты оқиғаларға толы болады ғой. Биыл менің жазғы демалысым өте қызықты өтті. Жылдағы әдетім бойынша демалыс басталысымен мен нағашы атам мен әжеме ауылға бардым. Таңертең ерте тұрып, жайлауға мал жаюға көмектестім. Күні бойы әжемнің дайындаған құрт, май, ірімшік пен қаймағын жеп, қолдың сүтін ішіп, біраз күш жинадым. Ауылдағы достарыммен күнде кешкісін футбол ойнадық. Осылай бір ай уақытым зымырап өтіп кетті.
Ауылдан қайтып келген соң, мен жазғы лагерьге демалуға бардым. Ондағы өткізген әрбір күн өз ерекшелігімен есте қалды. Күнделікті түрлі - түрлі сайыстар өткізіліп, біз барлығына белсене қатысып, жүлделі орындарға да ие болдық. Ол жерде көп балалармен танысып, жаңа достар таптым.
Лагерьден қайтып үйге келген соң, отбасымызбен шетелге қыдыруға бардық. Бұрын шетелге шықпағандықтан, бұл менің ұшаққа алғаш мінуім еді. Біз онда күні бойы қыдырып, түрлі мұражайларға бардық, саябақтарда серуендеп, мұхитта суға түстік.
Биылғы жазғы демалысым өзіме қатты ұнады. Жаңа оқу жылына біраз күш жинап, өте жақсы демалдым.
Әкесі - Манеза Салахар, кәсіпкер. Анасы - Манеза Руфина, үй шаруасымен айналысады.
Қазіргі уақытта Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтында білім алуда.
Дүнген және орыс тілдерін біледі.
2007 жылдың тамыз айынан - ауыр атлетикадан ҚР Ұлттық құрама командасының мүшесі. Ауыр атлетикадан 63 кг дейінгі салмақ дәрежесінде екі жаттығу жиынтығы бойынша 246 кг жинаған әлем чемпионы (Оңтүстік Корея, 2009), ал 2011 жылы күміс жүлдегер. Серпе көтеруден 141 кг көтеріп, әлемдік рекорд жасаған. XVI Азия ойындарының алтын жүлдегері (2010), ауыр атлетика бойынша ҚР кубогының иегері, ауыр атлетика бойынша Азия чемпионатының қола жүлдегері (2009). «Құрмет» орденімен марапатталған (2009). ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері (2009).
Ал 63 келі салмақ санатында жарыс жолына шыққан М.Манеза жұлқа көтеруде 109 келіні бағындырып кіші қола медальға, ал серпе көтеруде 139 келіні еңсеріп кіші алтын медальға ие болды. Екі сайыстың қорытындысында үлкен күміс медальды қанжығасына байлады. Өкініштісі, серпе көтеру сайысында 147 келіге тапсырыс берген қазақстандық спортшы оны еркін еңсергенімен, төрешілер тарабы есепке алмай қойды. Ал осы салмақ санатында әлем чемпионы атанған ресейлік Светлана Царукаева жұлқа көтеруде 117 келіні бағындырып, әлем рекордын жаңартты. Есте болса, дәл осы спортшы 2009 жылы Оңтүстік Кореяның Коян қаласында өткен әлем чемпионатында М.Манезамен бірдей салмақты бағындырғанымен өз салмағының біздің спортшыдан сәл ауыр болуына байланысты күміс жүлдені қанағат тұтқан болатын.