Бұлт — атмосферада қалқыған өте ұсақ су буы тамшыларының және мұз кристалдарының жиынтық жүйесі. Ол жер бетінен 2 — 18 км-ге дейінгі биіктікте атмосфераның төмен бөлігінде (тропосфера) құралады. Бұлттар ауа құрамындағы су буының қоюлануы нәтижесінде пайда болады. Бұлттарды құрайтын су түйіршіктерінің және мұз кристалдарының көлемі ұлғайып, олар бұлттардан бөлініп, атмосферадан жауын-шашын түрінде (жаңбыр, қар, ұлпа, бұршақ т.б.) жер бетіне түседі. Бұлтты құрайтын тамшылар өте ұсақ, диаметрі бірнеше мкм-ден 200 мкм-ге дейін болады. Бұлттағы сұйық судың құрамы тым аз, Бұлт ауасының 1 м3-не шаққанда 1 г-ның бірнеше жүздік бөлігінен бірнеше г-ға дейін ғана жетеді. Бұлт ауа массасының ағыны әсерінен қозғалады (ауады). Олар биіктігіне қарай негізгі 4 түрге ажыратылады: жоғары ярустағы (қоңыржай ендіктерде 6 км-ден жоғарыда), ортаңғы ярустағы (6 км-ден 2 км-ге дейін), төменгі ярустағы (2 км-ден төмен) және вертикаль бағытта пайда болатын (асты төмен яруста, үсті жоғары немесе ортаңғы ярустарда)
Менің ойымша, бүгінгі күні көлік байлық белгісі емес, қажеттілікке айналып отыр. Себебі "Уақыт - ақша" деген қағида қалыптасқан қоғамда адамдар уақытты аса жоғары бағалап, барлық жұмыстарды уақытында, дер кезде бітіруге, баратын жерлеріне жылдам баруға тырысады. Ал бұл көліктің көмегінсіз мүмкін емес. Көлік болған жағдайда кез келген жерге жылдам әрі уақытында баруға, кез келген нәрселерді сатып алуға, көшіруге, әкелуге, тасымалдауға ыңғайлы. Тіпті бүгінгі күні қыздар мен әйелдер қауымы темір тұлпар тізгінін өз қолдарына алып, ер адамдармен бірдей көлік мінеді. Мұның өзі көліктің қажеттілікке айналып отырғанының бір белгісі деп білемін.

Көлік қажеттілік пе, әлде байлық белгісі ме?