Бір нәрсе өзі түкті шұбар ала,Сипаты бек асып тұр көрсең жаңа.Ішінде шығар жері қиын екен,Егер де қолға түссе болар пана./Пұшпақ ішік/.
Бір нәрсе менен биік,Кейде менен аласа.Мұндай қызық дүниеде,Көріп пе едің тамаша./Бөрік/.
Атамдікі - шошақ,Апамдікі - жалпақ./Атамның тымағы мен апамның кимешегі/.
Төрттен қосқан басы бар,Маңдайында шашы бар.Өзің көрген баяғы,Салпылдайды сабағы./Тымақ/.
Дөп-дөңгелек басы бар,Маңдайында шашы бар.Өзің көрген баяғы,Сапылдайды сабағы./Тымақ/.
Бір нәрсе өзі түкті шұбар ала,
Сипаты бек асып тұр көрсең жаңа.
Ішінде шығар жері қиын екен,
Егер де қолға түссе болар пана.
/Пұшпақ ішік/.
Бір нәрсе менен биік,
Кейде менен аласа.
Мұндай қызық дүниеде,
Көріп пе едің тамаша.
/Бөрік/.
Атамдікі - шошақ,
Апамдікі - жалпақ.
/Атамның тымағы мен
апамның кимешегі/.
Төрттен қосқан басы бар,
Маңдайында шашы бар.
Өзің көрген баяғы,
Салпылдайды сабағы.
/Тымақ/.
Дөп-дөңгелек басы бар,
Маңдайында шашы бар.
Өзің көрген баяғы,
Сапылдайды сабағы.
/Тымақ/.