Напишите глагол в скобках во временСкажи, с какими словами могут сочетаться данные служебные слова. Напиши по своему выбору пять словосочетании с көмекшң есімдер и составь рассказ на любую тематику.) (6-7 сөйлем) Существительные Ай (луна) Күн (солнце) адам (человек) үй тіл көше жарыс курс кеш Көмекші есімдер: сырт, іш маң, тұс, жан қас алды, арты, шет, бет, бой бас, орта Служебные слова, перевод: внешняя сторона внутри окрестность, сторона возле душа, близкий около, у перед, передняя часть зад, задняя часть край, окраина поверхность вдоль в начале середина Существительные ауыл кітап үйірме мемлекет кітапхана өлең ақын жоба тілек Мысалы: Ауылдың сырты-окраина аула, адамның жаны-душа человека, кітапхананың ортасы-середина библиотеки, жарыстың ортасы-середина конкурса, жобаның басы-начало проекта. Мен ауылдың сыртында тұрамын. Кітапханаға жиі барамын. Өйткені кітап-адамның жаны. Кітапхананың ортасында ақынның портреті бар. Мен жарысқа қатысамын. Қазір жарыстың ортасы. Жобаның басын жақсы бастадым!
Дарігерлер конькимен сырғанау тіпті ауырып жатқан балаға да көмектесе алады дейді.
Сондықтан да мен өскенде конькимен сырғанап, жетістіктерге жеткім келеді.
Еңлік – Кебектегі» Нысан абыз өмірде болған адам ба?
Иә, Нысан есімді абыз XVIII ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген. Ол «ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламаның» қайғы-қасіретін, халықтың азып-тозып барып, қайта ел боп құрылған қуанышын көрген. Жаугершіліктен іркіттей іріген жұрттың сүттей ұйып келе жатқан тұсында кез болған. «Жолсыз жазаны» алдын ала болжап, зар запыранын төгеді. Еңлік пен Кебектің «жазмыштан пешенесіне жазылған» ажал үкімін ол шынымен қобыз сарнату арқылы болжап білді ме? Кебектің бал аштырып, болашағын болжатқаны рас па?
Көшпелі өмір тұрмысында абыз қандай әлеуметтік-рухани орын алды, ол жағын кесіп-пішіп, үзілді-кесілді тұжырым жасау қиын. Ел басқару, рулы елді бітімдестіру, жер, жесір дауын шешу – бидің құзырына қараған. Дұшпаннан қорғау – батырдың паразы. Жұртты жұбатып-уату, еңсесін сөзбен сергіту – жыраудың тілінің ұшында. Дін – молданың қолында. Сонда абыз кімнің мүддесін қорғады?
Әрине, халықтың. Бірақ бұл Мұхтар Әуезовтің 1943 жылы қайыра жазған «Еңлік – Кебек» пьесасындағы Нысан абыз образынан соңғы қалыптасқан үғым. Тек, ішінара, қолына аса таяқ ұстаған, ақ сақалы кеудесін жапқан баба кейіпкерлердің түсінде аян береді. Ал дін уағызы күшейе түскен XIX ғасырдың екінші жартысындағы хиссаларда ол образ Қызыр пайғамбарға ауысқан. Соған қарағанда абыздың бойында ерекше бір көріпкелдік, болжағыштық қасиет болу керек сияқты. Қазақтың жауырыншы,тәуіп, бақсы ұғымдарының басын қосқан, оның үстіне ақындық қасиеті бар тұлғаны абыз деп таныған іспетті.