Напишите идею которую хотел передать автор этим текстом.
Напишите хоть на русском хоть на казахском языках
Написала 2 версии теста на двух языках
(русскую версию перевела с казахской в переводчике из-за этого она немного искаверкана)
Не пишите бред чтоб получить (многие начали так делать)(имейте совесть)
Біздің заманымызға дейінгі бесінші ғасырда Афинада сахналық қойылымдарға арналған алаңдар пайда бола бастады . Дөңгелек пішінде салынған театрдың жартысы көрермендерге тиесілі . Олар сахнаны айнала төменнен жоғарыға дейін жайғасып отырады . Театр пайда болысымен , грек пьесасының екі түрі пайда болды : трагедия және комедия . Трагедияда грек аңыздары мен мифтерінің қаһармандарының жауларымен айқасуы баяндалды . Трагедия көбіне бақытсыздықпен аяқталды . Ал комедияда қарапайым адамдар туралы айтылды . Ондағы кейіпкерлер – қаһармандық деңгейге көтерілмеген , ешкімге белгісіз адамдар . Театр костюмдері Ежелгі Грекиядағы дала театрының актерлері сахнаға шыққанда үнемі жасанды шаштармен , қалың туникаларымен және үлкен кебістермен ойнаған . Осы киім үлгілері арқылы олар сымбатты , әрі өзгелерден ерекше көрінген . Жарқын түсті киімдер актердің жағымды қаһармандарды сомдайтындығын білдірсе , сұр және көк түсті киінгендер бақытсыз кейіпкердің образын білдірген . Ал қара түс қазаның белгісі болып табылатын . Комедияларда актерлердің кеуде тұсы мен ішіне жастық тығып қоятын болған . Ал хористердің бетінде бетперде де , аяқ киім де болмаған . Олар тек үстеріне қарапайым туника мен гимaтий киген . Дала театрының залы өте үлкен болған . Оның үлкендігі сонша , артта отырған адамдар сахнадан өте алыста орналасады . Сондықтан олар сахнада болып жатқан көріністі ойдағыдай көре алмаған . Бүкіл рөлді ерлер ойнайтын болғандықтан , өздерінің қандай образда ( ер адам немесе әйел адам ) жүргендігін көрсету үшін бастарына үлкен бетперделер киіп жүрген . Бетпердеде кейіпкердің жан күйзелісі мен қуаныш - қайғысы да көрініп тұратын болған . Ол заманда актерлерге арналған сахнаның бетперделері ағаштың қабықтарынан және сурет салынған қалың маталардан жасалды . Актердің даусы еркін шықсын деген оймен бетперденің аузын үлкен тесік еткен .
В пятом веке до нашей эры в Афинах стали появляться площадки для сценических представлений. Половина кругового театра принадлежит зрителям. Они сидят на сцене снизу вверх. С появлением театра возникло два типа греческой пьесы: трагедия и комедия. Трагедия повествует о борьбе героев греческих легенд и мифов со своими врагами. Трагедии часто заканчиваются несчастьем. А комедия была про обычных людей. Герои в нем - неизвестные люди, не поднявшиеся до уровня героизма. Театральные костюмы Актеры древнегреческого степного театра всегда выходили на сцену в искусственных волосах, в толстых туниках и широких юбках. Благодаря этому дизайну они выглядели элегантно и уникально. Яркая одежда символизирует актера, играющего положительного персонажа, а одежда в сером и синем цвете символизирует несчастного персонажа. А черный был знаком смерти. В комедиях актеры прятали подушки на груди и внутри. На лицах певцов не было ни масок, ни обуви. На них была только простая туника и хематиум. Зал степного театра был очень большим. Он такой большой, что люди, стоящие за ним, очень далеко от сцены. Поэтому они не могли видеть, что происходит на сцене. Поскольку все роли играли мужчины, они носили большие маски, чтобы показать, как они выглядят (мужчины или женщины). Маска также показала напряжение и радость героя. В те времена сценические маски для актеров изготавливались из коры и плотной ткани с рисунками. В маске проделали большую дырочку во рту, чтобы голос актера был слышен свободно.
1 Адам – ең жоғарғы құндылық. Еліміз егемендік алғаннан кейін адамды ең жоғары құндылық ретінде бағалау қалыптаса бастады. Адамның бар құндылығы – оның өмірі. Ол адамның мінезі мен темпераменті, мүддесі, көзқарасы, әдеті, тілегі, мәдениеті, тәрбиелік деңгейі, бір-бірімен өзара қарым-қатынасы, кішіпейілдігі, әдептілігі, жеке басының тазалығы, әсемдігі, сөйлеу мәдениеті т.б.
Адамның өмір сүру барысындағы қолданатын тәсілінде оның түрлі қажеттіліктері, ақыл-ойының қалыптасуы, еркіндік жауапкершілігі, қызметін ұйымдастыруы және болжамы анықталады. Оның іс-әрекеті және сол арқылы адамның қалыптасуы мен дамуы өз шешімін табады. Адам- дүниені өзгертуші күш.
Орыс жазушысы К. Г. Паустовский: «Адам ақылды, кішіпейіл, әділ, батыл да қайырымды болуға тиіс. Тек сонда ғана оның осынау Адам деген мәртебелі атпен аталуға құқы болады»;
Куба жазушысы, саяси қайраткер Х.Марти: «Адам бола білу – ең қиын мамандық» - деп жазған. Ең ұлы жеңіс- өзіңді-өзің жеңу. Өзіне-өзі ие бола білген адам ғана барша жұрттан мықты.
Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен. Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген.
Абай 10 тамыз 1845 ж. қазіргі Семей облысының Шыңғыс тауларында Қарқаралының аға сұлтаны Құнанбайдың төрт әйелінің бірі, екінші әйелі Ұлжаннан туған.
Ақынның арғы тегі Орта жүз Тобықты Арғын ішіндегі Олжай батырдан басталады.
Болашақ ақын сабырлы мінезімен, кең пейілімен ел анасы атанған “кәрі әжесі” Зеренің таусылмайтын мол қазынадай аңыз ертегілерін естіп, абысын-ажынға жайлы, мінезі көнтерлі, әзіл-қалжыңга шебер, жөн-жобага жетік өз анасы Ұлжанның тәрбиесінде өсті. Абай әуелі ауылдағы Ғабитхан молдадан сауатын ашады да, 10 жасқа толған соң 3 жыл Семейдегі Ахмет Риза медресесінде оқиды. Бұл медреседе араб, парсы тілдерінде, негізінен, дін сабағы жүргізілетін еді. Медресенің үшінші жылында Абай Семей қаласындағы “Приходская школаға” да қосымша түсіп, орысша сауатын аша бастайды. Бірақ бұл оқуын әрі жалғастыра алмай, небәрі 3 жылдан соң оның мұсылманша да, орысша да оқуы аяқталады.
Абайдың басқа балалардан алымдылығын аңғарған Құнанбай оны елге шақырып алып, өз жанына ертіп, әкімшілдік-билік жұмыстарына араластырмақ болады. Сөйтіп 13 жастағы Абай ел ісіне араласады.
Патша үкіметінің отаршылық саясаты мен парақор орыс әкімдерінің жергілікті би-болыстардың арамза әрекеттерін айнытпай танып, көкірегінде жиркеніш сезімі оянып,осы мақсатпен болыс сайлауына түсіп, жеңіп шығады да, 1876-1978 ж. Қоңыр-Көкше еліне болыс боладі. Бұл жылдары Абай өз қолындағы билікті пайдаланып, әділдік таразасын тең ұстауға күш салды.
Ақын саяси қызметі үшін 1870 жылдары Санкт-Петербургтен Семейге айдалып келген Михаэлиспен, 80-жылдарда орыс демократтары Н. И. Долгополов, А. А.Леонтьевпен танысады.Болашақ ақынның дүниеге көзқарасының қалыптасуына оның озық ойлы орыс зиялы қауымының өкілдерімен араласуы орасан зор ықпал етті. Абай — ұлы ақын әрі ойшыл. Ол өз төңірегіндегі адамдардың, жақындары мен шәкірттерінің бойындағы өз халқына риясыз берілгендікті, оның мүдделерін қорғау қасиеттерін қолдап отырды. Ұлы ақын жас ұрпақты имандылыққа, адамгершілікке, ғылым-білім үйренуге шақырды. жастарды бес нәрседен — өсектен, өтіріктен, мақтаншақтықтан, еріншектіктен, бекер мал шашпақтықтан қашық болуға, бес асыл іске — талап етуге, еңбекті сүюге, терең ойлай білуге, қанағатшыл болуға, қайырымды рақымшылық жасауга шақырды.
1875 жылы Қоңыркөкше елінде өткен сайлауда жеңіп шығып, 1878 жылға дейін болыс болады. Қазақ халқының дәстүрлі ел билеу жосындарын, әдет-ғұрып заңдарын жетік білетін Абай ел ішіндегі әр алуан әкімшілік-құқықтық реформаларға белсене араласады