Напишите ласкательные слова из двух текстов 1. Атам мені үнемі,
«Құлыным» деп жүреді.
Әжем маған сенеді,
Ертегі айтып береді.
Әкем тілеп тілегін,
«Балақай» деп жүреді.
Шешем сәби санайды,
«Балапан» деп қарайды.
Ағам маған күлімдеп,
Тіл қатады «інім» деп.
Мейірбанды анам да,
Атам, әжем, көкем де.
Маған апам, ағам да,
Бәрі қымбат екен де!
2.Барлық үлкеннің құшағына амалсыз кезек-кезек кіріп болып, енді сытылып, шешесіне қарай баса берді. Абайдың өз шешесі Ұлжан мен екінші шешесі, сұлу жүзді Айғыз қатар тұр екен.
Бала топтан шыға бергенде, Айғыз күліп:
– Пай, баламыздың бетінен сүйер жер де қалдырмады-ау, – деп паңдана күлді де, Абайды көзінен сүйді.
Кезек өз шешесіне келгенде, ол сүйген жоқ. Қатты бір қысып, бауырына басып тұрды да, маңдайынан иіскеді. Абайдың әкесіндегі тартымды салқындық шешесіне де көптен бергі мінез болған. Бала осыдан арғыны күтпеуші еді. Бірақ бауырына басқанның өзінде де Абайдың жүрегін қатты-қатты соқтырған аса бір өзгеше жақындық білінді. Ана құшағы!.. Ұлжан көп ұстаған жоқ.
– Әжеңе бар, әнеки! – деп үлкен үйдің алдына қарай бұрып жіберді. Кәрі әжесі Зере бәйбіше таяғына сүйеніп, ұрсып тұр екен.
– Жаман неме, маған бұрын келмей, әкеңе кеттің-ау! Жаман неме! – дей беріп, қасына, құшағына немересі барғанда, «жаман неменің» артынан лезде: – Қарашығым, қоңыр қозым… Абайжаным… – деп кемсеңдеп, жылауға айналып кетті. Әжесін құшақтаған бойында үлкен үйге кірген Абай ымырт жабылғанша осында болды.
1)Жамбыл Жабаевтың бала шағы;
2)Жамбылдың шағармашылығы;
3)Соғысқа арналған өлеңдер;
Жамбыл Жабаев Теріскей Алатауының Солтүстік бөлігінде, 1846 жылы ақпан айында Хан, Жамбыл тауларының етегінде туған. Ол кедей отбасында дүниеге келгендіктен, балалық шағы кедейлік пен жоқшылықта өтеді. Кішкентай кезінен басқа кедей балалары сияқты Жамбыл да байдың малын бағумен өткізді. Балаларын мектепте оқытып, білім беруге ата-анасының жағдайы болмады.
Жамбыл атамыздың көп шығармалары саяси тақырыпқа арналған, Ұлы Отан соғысы жылдарында қарт ақын жауынгерлерді жігерлендіретін жалынды өлеңдерімен Ұлы Жеңіске үлес қосты. "Ленинградтық өренім" атты өлеңінің аудармасы радио арқылы қала тұрғындарына таратылып, жеңістің ұранына айналды, көшелерге, үйлердің қабырғаларына жазылып ілінді. Ленинград қаласының тұрғындары үшін ұлы Жамбылдың орны ерекше. Жамбыл атында облыс, аудан, көше, мұражайлар бар.