Напишите на казахском небольшой рассказ (80-140слов) Образование. Наука. Инновации
Есть молодые люди, которые доказали, что есть наука в области информационных технологий, медицины, сельского хозяйства, торговли, промышленности, работали над несколькими проектами и получили международные патенты. Напишите статью «Развитие науки и образования в Казахстане».
Мен бос уақытымды қалай өткіземін?
Мен сабақтан бос уақытымды өзімнің сүйікті хоббиіме арнағанды ұнатамын. Әр адамның өзіндік талғамы мен ішкі дүниесіне сай сүйікті ісі болады. Біреулер би билеп, өз орнын тапса, енді біреулер ін айтады, басқалары спортпен шұғылданады.
Менің сүйікті хоббиім - сурет салу. Сурет салумен мен үш жасымнан айналысамын. Арнайы өнер мектебінде сурет салу бойынша қосымша сабаққа барамын. Сурет салуда бір құпия бар сияқты, өйткені сурет салу барысында өзіннің қиялыңа еркіндік беріп, ойыңдағы нәрсені сурет арқылы білдіресің. Келешекте аты әлемге танылған әйгілі суретші болуды армандаймын.
Сурет салуға бар бос уақытымды арнап, талантымды шыңдауға тырысамын, әлемге әйгілі суретшілердің қаламдарынан шыққан туындыларды тамашалап сусындаймын.
Қаладағы көркемсурет галереясының бірде бір көрмесін жіберіп алмай, міндетті түрде барып тұрамын, себебі белгілі қылқалам шеберлерінің туындылары ешкімді де бейжай қалдырмасы анық, әрі осы арқылы рухани азық алып, сусындауға болады. Сонымен қатар қазіргі таңда аса танымал болған шеберлік сабақтарына қатысып, бұрын білмеген нәрселерімді үйренуге тырысамын.
Алдыма мақсат қойып, болашақта аты әлемге танылған әйгілі суретші болуды армандаймын.
қазақ халқының басты тағамы. қой немесе сиыр, жылқы еті болсын су құйылған қазанға салынып пісіріледі. Піскен еттің майлы сорпасына, алдын ала жұқа жайылып қойылған қамыр салынады. Дайын болған қамыр табаққа түсіріліп, кесектеп туралған ет салынып, үстіне тұздық құйылады. Малдың басы, жамбасы сыйлы қонақтарға, ортан жілік жасы үлкен кісіге, құдаға, асық жілік құдағиға, төс күйеуге, келінге, бүйрек, құлақ балаларға тартылады.қазы
қазы майының қалыңдығына байланысты кере қазы, дөңбек қазы, шынтақ қазы, бұлт қазы деп бөлінеді. Ішекке сыймағанын телшік деп атайды. қазыны көбіне қысқа сақтайды. қазы сүрленген сайын демді болады.Ірімшік
Сүтті ұйытып, суалғанша қайнатады. қайнауы жеткен ірімшік қызыл сары түске айналады. Содан кейін оны сүзіп, дорбаға салып, желге, күнге қойып кептіреді.
Жент
қыста қатпайтын, жазда бұзылмайтын өте демді тағам. Негізі сөктен жасалады. Сөк жармаланғаннан кейін сары май, қант, ірімшік ұнтағы, мейіз салынып араластырылады. Содан кейін ыдысқа салынып, беті тегістеліп, салқын жерге шығарылып қойылады. Шай дастарханының сені.қымыз
Бие сүтінен ашытып дайындайтын ең қадірлі сусынның бірі. қымыздың емдік, шипалық қасиеті өте жоғары. есіресе туберкулез ауруына шипалы.
Бауырсақ
Ашыған қамырдан оқтаумен 1-1,5 см. қалыңдықта жайылып, көлемі бірдей етіп кесіледі де қыздырылған майға қуырылып дайындалады.
Құрт
Сабада жиналып пісілген іркітті, майы алынғаннан кейін, үлкен қазанға құйып қайната береді. Ебден қоюланған құртты қапқа құйып суынан тағы құрғатады. Бұдан кейін қолмен, белгілі бір қалыпқа келтіріп, қолмен сықпалап өреге жайып кептіреді. құрт жақсы ас, оны әр түрлі тамаққа қосады.