- Тату болса, ағайын жақын, Ақылшы болса, апайың жақын. Бауырмал болса, інің жақын, Инабатты болса, келінің жақын. Алдыңа тартқан адал асын, Қимас жақын - қарындасың. Сыбайлас болса, нағашың жақын, Адал болса, досың жақын. Еркелейтін немерең жақын, Өз ұрпағың - шөберең жақын. Жан серігің жас кезіңнен, Бәрінен де әйелің жақын... Алтын ұяң - отаның қымбат, Құт берекең - атаң қымбат, Мейірімді анаң қымбат, Асқар тауың - әкең қымбат, Туып өскен елің қымбат, Кіндік кескен жерің қымбат, Ұят пен ар қымбат, Өзің сүйген жар қымбат... Арадан шыққан жау қиын, Таусылмайтын дау қиын, Шанышқылаған сөз қиын, Дәл осындай жағдайда Пана болмас өз үйің. Жазылмаса дерт қиын, Іске аспаған серт қиын, Ақылыңнан адасып, Өзің түскен өрт қиын, Тентек болса ер қиын, Не істеріңді біле алмай, Ашиды сонда бас, миың.
Оқуда табысқа жету үшін алдымен сабақты үздік оқу керек. Ол үшін жалқаулық, еріншектік деген қасиеттерді ұмытым қажет. Олардың орнына ізденіс, қызығушылық қасиеттерін дамыту керек. Ең алдымен кез келген сабаққа қызығушылық болып, кітап оқу керек. Қазіргі кезде білімді адам ғана табысқа жете алады. Сондықтан газет журнал оқып, әлем жаңалықтарымен танысып, ізденуім қажет. Ең алдымен бірнеше тілді меңгеріп жан жақты болып, оқуда көптеген табыстарға жетуге болады. Еш талмай тек алға ғана ұмтылу ұстанымымен жүруім керек.