Честно не понимаю о чем стихи,может об языке) Сүйемін туған тілді – анам тілін, Бесікте жатқанымда-ақ берген білім. Шыр етіп жерге түскен минутымнан Құлағыма сіңірген таныс үнім. Ең бірінші сол тілмен сыртқа шықты, Сүйгенім, сүйсінгенім, жек көргенім. С.Торайғыров.
Туған тілім-бабам тілі-өз тілім, Туған тілім-анам тілі-өз тілім. Туған тілім-далам тілі-өз тілім, Туған тілім-адам тілі-өз тілім. Туған тілде сыры терең жаным бар, Туған тілде әнім менен сәнім бар. Туған тілім тіл болудан қалса егер Жүрегімді суырып-ақ алыңдар. Д. Әбілев.
Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала, Мазмұн жоқта мазмұнсыздық шыға келер ортаға. Әр адамда өз анасынан басқа да, Ғұмырына етер мәңгі астана, Демеп жүрер, жебеп жүрер арқада, Болу керек құдіретті төрт ана: Туған жері-түп қазығы, айбыны, Туған тілі - мәңгі өнеге айдыны, Жан байлығы, салт-дәстүрі-тірегі, Қадамына шуақ шашар үнемі. Және туған тарихы. М.Шаханов. Тілім менің! Ұлы Абай, Мұхтардай пірім менің. Тұнығым, рухани жан азығым Ол бүлінсе, менің де бүлінгенім. Ана тілім, туған тілім,бал тілім Сен арқылы дүние танып талпындым. Сен арқылы әлемге аян бар ісім Сен өмірде таусылмайтын алтыным. Ш.Айтматов.
Туған тілім – тірлігімнің айғағы, Тілім барда айтылар сыр ойдағы. Өссе тілім мен де бірге өсемін, Өшсе тілім мен де бірге өшемін. Ә. Тәжібаев.
Кіршіксіз қардай сақтаңдар, Қазақтың тілін ғаламат. Ана тіл – арым, иманым, Аманат, саған, аманат. М. Әлімбаев.
іне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына да 60 жыл өтті. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің тылдағы қажырлы еңбегімен жеңісті шыңдаған, станоктың қасынан, егін даласында, күні-түні мал бағып, тынымсыз жұмыс істеген жұмысшылар, ауыл адамдары тойлайды. Бұл мейрамды біздің аяулы да даңқты әйелдеріміз - өздерінің әкелерін, ерлерін, ұлдарын және сүйіктілерін көзінен жасы сорғалай жүріп төзімділікпен күткен, олардың орнын жоқтатпаған аналар мен жұбайлар, қалыңдықтар мен қыздар тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің әкелері мен ағалары қанын төгіп, жанын қиып бақытты өмірін қамтамасыз еткен Ұлы жеңістің құрдастары тойлайды. Ұлы Жеңіс күні елі мен жері үшін жанын пида еткен, туған-туысқандарына, жақын-жарандарына, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл елі болып еске түсіреді.
Бұл мейрамды бұрынғы кеңес одағына кірген 15 одақтас республика халқымен бірге, кеңес халқы неміс басқыншыларынан азат еткен Еуропа елдерінің Варшава мен Прага, Будапешт пен Бухарестің, София мен Белградтың, Париж бен Венаның, жер шарының басқа да көптеген қалаларының тұрғындары тойлайды.
Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр күндер болды. Төрт жыл, 1418 күн мен түн бойы өз жері мен отаны үшін, келешек ұрпақ үшін жан қилы соғыс жүріп жатты.
Бір күшке жиналған орыс пен тәжік, грузин мен белорус, қазақ пен украин қарсы алдындағы жауға алмас қамал болып жұмылды...
Сүйемін туған тілді – анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан
Құлағыма сіңірген таныс үнім.
Ең бірінші сол тілмен сыртқа шықты,
Сүйгенім, сүйсінгенім, жек көргенім.
С.Торайғыров.
Туған тілім-бабам тілі-өз тілім,
Туған тілім-анам тілі-өз тілім.
Туған тілім-далам тілі-өз тілім,
Туған тілім-адам тілі-өз тілім.
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.
Д. Әбілев.
Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала,
Мазмұн жоқта мазмұнсыздық шыға келер ортаға.
Әр адамда өз анасынан басқа да,
Ғұмырына етер мәңгі астана,
Демеп жүрер, жебеп жүрер арқада,
Болу керек құдіретті төрт ана:
Туған жері-түп қазығы, айбыны,
Туған тілі - мәңгі өнеге айдыны,
Жан байлығы, салт-дәстүрі-тірегі,
Қадамына шуақ шашар үнемі.
Және туған тарихы.
М.Шаханов.
Тілім менің!
Ұлы Абай, Мұхтардай пірім менің.
Тұнығым, рухани жан азығым
Ол бүлінсе, менің де бүлінгенім.
Ана тілім, туған тілім,бал тілім
Сен арқылы дүние танып талпындым.
Сен арқылы әлемге аян бар ісім
Сен өмірде таусылмайтын алтыным.
Ш.Айтматов.
Туған тілім – тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Өссе тілім мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім мен де бірге өшемін.
Ә. Тәжібаев.
Кіршіксіз қардай сақтаңдар,
Қазақтың тілін ғаламат.
Ана тіл – арым, иманым,
Аманат, саған, аманат.
М. Әлімбаев.