Ағасы: Бауырым, осы соңғы кездері ғаламторға тәуелділік қоғамдағы ең үлкен мәселеге айналып отыр. Осы жайлы не ойлайсыз?
Інісі: Ия, дұрыс айтасың. Ғаламтор пайда болғаннан бері адамдардың өмірін жеңілдетіп, барша сұрақтарға жауап табуға мүмкіндік пайда болды. Ғылым мен техниканың дамыған заманында өз өмірімізді компьютерсіз елестету қиын.
Ағасы: Дегенмен, бұл құрылғының пайдасымен қатар зияны де аз емес. Ең басты зияны - ол денсаулыққа тигізетін зияны. Компьютер алдында ұзақ отыру көз бен омыртқаға аса үлкен зақым келтіреді. Сондықтан да компьютерда көп жұмыс жасайтын адамдарға арнайы көзілдірік киіп, отырған кезде де арқаны тік ұстауға тырысу керек. Сонымен қатар уақтылы үзіліс жасау керек.
Інісі: Осындай келеңсіздіктер орын алмауы үшін, компьютерді тек керек кезінде немесе күніне 1 - 1,5 сағаттан аспайтын уақыт қолдану керек деп ойлаймын. Мен өзім осы ережені сақтап, қалған бос уақытымда анама көмектесемін.
Ағасы: Сондықтан ғаламторды тек қажет уақытында пайдалану керек деп деп ойлаймын. Ал басқа бос уақытыңды пайдалы іске арнап, ата – анаңа, бауырларыңа көмектесіп немесе спортпен айналыссаң болады. Кітап оқысаң, тіпті жақсы, нұр үстіне нұр болар еді.
Әлемнің жарығын, Сыйладың сен маған. Даланың әр гүлін, Жинадың сен маған - деп, атамыз Шәмші Қалдаяқовтың әнінде жырланғандай, ана - әр адамға қымбат а үшін жанын аямай, бәрін істейді. «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да, ақ сүтін ақтай алмайсың», - деген мақал бекерден айтылмаған. Анаға деген парызымыз шексіз. Ол кішкентайымыздан түн ұйқысын төрт бөліп, әлдилеп бізді бой жеткізді. Бала қуанғанда ана екі есе қуанады, бала мұңайғанда ана мың есе көп мұңаяды. Менің анамның аты - Гүлмира. Мен үшін, менің анам бүкіл әлемдегі ең жақсы, ең мейірімді, ең әдемі, ең білімді тұлға. Анамды өмірімнен де артық жақсы көремін. Менің анам маған әрқашан ақылын айтып, көмектеседі. Анамның жасы тек 37-де болса да, оны барша адамдар қадірлейді. Себебі, анам тек маған емес, кез келген адамға ақылын айтуға дайын. Өмірдегі барлық жетістіктерге өз қолымен, өз еңбегімен жетті. Мен анамды нағыз әйел деп санаймын. Өйткені жас кезінен бері сабағын озат оқып, қазір жақсы қызметте жұмыс істейді, үй жұмысын істеуден де жалықпайды, екі баланы тәрбиелеп, өсіріп келеді. Менде сондай ана болғанына бақыттымын. Мен анамның істегенін жақсы түсіне отырып, оны әрдайым қуантқым келеді. Сабағымды жақсы оқып, үй шаруашылығына көмектесіп, бақытқа бөлеуге тырысамын.
Ғаламтор туралы диалог құрастыру.
Ағасы: Бауырым, осы соңғы кездері ғаламторға тәуелділік қоғамдағы ең үлкен мәселеге айналып отыр. Осы жайлы не ойлайсыз?
Інісі: Ия, дұрыс айтасың. Ғаламтор пайда болғаннан бері адамдардың өмірін жеңілдетіп, барша сұрақтарға жауап табуға мүмкіндік пайда болды. Ғылым мен техниканың дамыған заманында өз өмірімізді компьютерсіз елестету қиын.
Ағасы: Дегенмен, бұл құрылғының пайдасымен қатар зияны де аз емес. Ең басты зияны - ол денсаулыққа тигізетін зияны. Компьютер алдында ұзақ отыру көз бен омыртқаға аса үлкен зақым келтіреді. Сондықтан да компьютерда көп жұмыс жасайтын адамдарға арнайы көзілдірік киіп, отырған кезде де арқаны тік ұстауға тырысу керек. Сонымен қатар уақтылы үзіліс жасау керек.
Інісі: Осындай келеңсіздіктер орын алмауы үшін, компьютерді тек керек кезінде немесе күніне 1 - 1,5 сағаттан аспайтын уақыт қолдану керек деп ойлаймын. Мен өзім осы ережені сақтап, қалған бос уақытымда анама көмектесемін.
Ағасы: Сондықтан ғаламторды тек қажет уақытында пайдалану керек деп деп ойлаймын. Ал басқа бос уақытыңды пайдалы іске арнап, ата – анаңа, бауырларыңа көмектесіп немесе спортпен айналыссаң болады. Кітап оқысаң, тіпті жақсы, нұр үстіне нұр болар еді.
Сыйладың сен маған.
Даланың әр гүлін,
Жинадың сен маған - деп, атамыз Шәмші Қалдаяқовтың әнінде жырланғандай, ана - әр адамға қымбат а үшін жанын аямай, бәрін істейді. «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да, ақ сүтін ақтай алмайсың», - деген мақал бекерден айтылмаған. Анаға деген парызымыз шексіз. Ол кішкентайымыздан түн ұйқысын төрт бөліп, әлдилеп бізді бой жеткізді. Бала қуанғанда ана екі есе қуанады, бала мұңайғанда ана мың есе көп мұңаяды. Менің анамның аты - Гүлмира. Мен үшін, менің анам бүкіл әлемдегі ең жақсы, ең мейірімді, ең әдемі, ең білімді тұлға. Анамды өмірімнен де артық жақсы көремін. Менің анам маған әрқашан ақылын айтып, көмектеседі. Анамның жасы тек 37-де болса да, оны барша адамдар қадірлейді. Себебі, анам тек маған емес, кез келген адамға ақылын айтуға дайын. Өмірдегі барлық жетістіктерге өз қолымен, өз еңбегімен жетті. Мен анамды нағыз әйел деп санаймын. Өйткені жас кезінен бері сабағын озат оқып, қазір жақсы қызметте жұмыс істейді, үй жұмысын істеуден де жалықпайды, екі баланы тәрбиелеп, өсіріп келеді. Менде сондай ана болғанына бақыттымын. Мен анамның істегенін жақсы түсіне отырып, оны әрдайым қуантқым келеді. Сабағымды жақсы оқып, үй шаруашылығына көмектесіп, бақытқа бөлеуге тырысамын.