Өз Отаныңның, өз елінің патриоты болғанға не жетсін! Сайын дала атажұрт бабаларымыздың көздің қарашығында сақтап, найзаның ұшы, білектің күшімен қорғанының арқасы бізге жетіп отыр. Ендеше, осындай алып Отанды сүйіп өту кімге де болсын парыз әрі қасиетті міндет. Отанды сүю оның әрбір тасын сүюден басталады. Яғни, туған анаңа, туған жұртыңа деген махаббат Отанға деген махаббатқа ұласпақ. «Отан оттанда ыстық»-дегенді ата-бабалардымызды бекер айтпаған. Мен өз елімді, өз жұртымды жақсы көремін және мақтан тұтамын! Елім үшін қолымнан келгеннің бәрін аямаймын!
Бата беру — адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі. Дастарқан басында, түрлі жиын-тойларда, т.б. адам өмірінде кездесер ірілі-ұсақты қуаныштар кезінде той, қуаныш иесіне арнап қол жайып, бата береді. Сондай-ақ, қиын сапар, алыс жолға аттанған азаматына ақ жол тілейтін халқымыздың ежелден келе жатқан, кең таралған дәстүрлерінің бірі. Бата беретіндер, көбіне, көпті көрген ақсақалдар мен кемеңгер де дуалы ауызды билер болып келеді. Бата қысылғанда — қуат, қиналғанда—медет беріп, әрбір іс-әрекетіңе даңғыл жол ашып, бәле-жаладан қорғайды деп есептелген. Бата көзі тірілерге ғана емес, аруақтарға да жасалған. Батасыз, тілексіз өмір болмайды. “Батамен ер көгереді, жаңбырмен жер көгереді” деп халқымыз текке айтпаған. Батаның да қисыны, айтылатын, айтылмайтын жері болады, қуаныш пен тойдың ретіне қарай, соған лайық Бата тілегі болады.
Дереккөзі: https://www.zharar.com/kz/esse/11167-kazakhstan.html
© www.ZHARAR.com