Жұлдызшы– ежелгі дәуірлер мен орта ғасырларда аспан денелерінің қозғалыстарын бақылаумен шұғылданған адам, астроном. Ежелгі Мысырда (Египет), Вавилонда, Үндістанда, Грекияда Жұлдызшы аспан құбылыстарын бақылап, күнтізбе есебін жүргізіп отырған. Орта ғасырларда араб елдері мен Орталық Азияның Жұлдызшылары астрономияның кейбір заңдылықтарын ашқан. Ежелгі түркі тайпаларында да Жұлдызшылар болған. Қазақ тіліндегі көптеген жұлдыз атаулары (Жетіқарақшы, Үркер, Темірқазық, Босаға, Таразы, т.б.) бізге ежелгі түркілер дәуірінен жеткен. Жұлдызшылар жыл мезгілдерін, мал төлдету, бие байлау, күзем алу, жайлауға, күзеуге, қыстауға көшу мерзімдерін, т.б. көпшілікке жариялап отырған. Соңғы жылдары археологтар Орталық Қазақстандағы Жанғабыл өзенінің бойынан 8 – 10 ғасырларда жерленген Жұлдызшының зиратын тапты. Онда қабірге мәйітпен бірге “жұлдызтас” – метеорит салынған. Зират үстіне оба үйіліп, жанына граниттен шабылған тас мүсін қойылған. Бұдан Жұлдызшылардың көшпелілер өмірінде елеулі рөл атқарғандығын көреміз. Жұлдызшылардың кейбіреуі астрологиямен де айналысқан. Дәстүрлі қазақ қоғамының астрологтары “Нұждұм”, “Талиғынама” деп аталған араб және парсы тілдеріндегі бал ашу кітапшаларын пайдаланған.
А) ілгері-кейін В) ашу-ыза С) алба-жұлба Д) көрші-қолаң Е) этно-мәдени
2. Дұрыс жазылған тұйық етістік.
А) жайу В) суыу С) байыу Д) жуыу Е) кею
3. Сын-қимыл үстеуі қатысқан сөйлем.
А) Олар жаз бойы ауылда демалды. В) Зейнеп сабақтан ерте келді.
С) Бұл жұмыстан әбден жалықты. Д) Мыңа өленді зорға жаттап алдым.
Е) Таңертең анам сиыр сауды.
4. «Ұялу» мағынасын білдіретін тұрақты тіркесті белгілеңіз.
А) Отқа май құю. В) Көз ілмеу. С) Тісін қайрау. Д) Тас бауыр. Е) Бетінен оты шығу.
5. «Арасынан қыл өтпеу» тұрақты тіркесінің мағынасын табыңдар.
А) Қоркақтық. В) Ашулану. С) Үндемеу. Д) Батырлық. Е) Достық.
6. Кейінді ықпалды табыңыз.
А) Мемлекеттік өнер мұражайы құрылды. В) Болат сабағына кешігіп келді.
С) Сабаяққа бара жатырмыз. Д) Сабақ ерте бітті. Е) Айтыс өнері жақсы дамыған.
7. Жатыс септігіндегі көмекші есім
A) ішінің B) алдын C) қасынан D) сыртында E) үстіне
8. Қалау райлы етістіктің 1-жағын табыңыз.
A) үйренгім келеді B) айтпайды C) көрсе D) оқығысы келеді E) шақырсаңыз
9. Қалау райлы етістіктің 2-жағын табыңыз.
A) көргің келеді B) шақырғысы келеді C) жазса D) дайындайсың E) ұйықтаса
10. Неологизм қатарын табыңыз.
A) Қала, тұрғын, ғарыш. B) Әшекей, келін, жүзік. C) Даңғыл, құжат, ұшақ.
D) Шіркеу, мешіт дін. E) Баспана, ауыл, үй.
11. Көп нүктенің орнына тиісті неологизмді анықтаңыз. Ә.Қастеевтің есімі республикамыздың көшелері мен мектептеріне, берілді.