В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Х
Химия
Д
Другие предметы
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
М
Музыка
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
У
Українська література
Р
Русский язык
Ф
Французский язык
П
Психология
О
Обществознание
А
Алгебра
М
МХК
Г
География
И
Информатика
П
Право
А
Английский язык
Г
Геометрия
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
Katylopy
Katylopy
04.04.2023 20:55 •  Қазақ тiлi

Наурыз коктемнин алғашкы айы сойлем мушесине талдау​

Показать ответ
Ответ:
NINO11111
NINO11111
20.02.2020 19:44
Тіршіліктің көзі саналатын табиғат байлығы – ел байлығы. Ол үшін көрік берер жасыл желекті жайқалтып, өзен-көлді арнасынан асырып, қоршаған ортаны қорғай білу әр азаматтың борышы.
Адам табиғаттың төл перзенті, жара¬тылысында ұқсастықтары көп. Оларды бір-бірінен бөліп жаруға болмайды. Осы бір қарапайым қағидатты бойына сіңірген орманның туған жерге, атамекенге деген перзенттік махаббаты қалыптасады, сүйіспен¬шілігі артады. Аудан аумағында Семиозер және Басаман орман шаруашылығы бар. 
Біздің бағытымыз Бағаналы ауылы. Жол бойы жан-жағымызға қарап, орманның сұлу табиғатына көз тастап келеміз. Сүмбіл ақ қайыңдар, қарағай, мәңгі жасыл шырша жарыса аспанмен таласа өсіп, жасыл желекке оранған алқапқа өзгеше көрік беріп тұр. Табиғаты сұлу жер кімді болсын өзіне ынтықтырып, еліктіретіні анық. Осылайша тамашалап келе жатып ауылға жеткенімізді де білмей қалдық. 
Мемлекеттік мекеме орманды қамқорлыққа алып, ұқыпты қарап, қорғау және дайындаумен, қарағай бүрлерін өңдеумен айналысады. Негізгі өндіріс көзіне Бағаналыдан төрт шақырым жерде орналасқан питомник кіреді. Сондықтан бұл байлықты сақтау мен одан әрі жайқалту үшін кешенді жұмыстар ұдайы жүргізіледі. Орманның ең қауіпті қасіреті – өрт, сондықтан оның алдын алу және оған тойтарыс беру, заңсыз ағаш кесу мен ұрлыққа жол бермеу жұмыстары ұйымдастырылады.
“Басаман орман шаруашылығы мекемесі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі 1954 жылы құрылды. Жалпы көлемі 44246 га жер, оның ішінде орманды алқап - 13146 гектар. Үш елді мекені, екі кордоны бар. 
Ауылға кіре бергенде алдымен екіқабатты мектеп ғимараты көзге түседі. Орман шаруашылығы мекемесінің кеңсесі, 150 орындық клуб, медпункт, пошта торабы бәрі бір жерде шоғырланған. Ұялы және радио байланысы бар. Елді мекенде 425 тұрғын - он бір ұлттың өкілі тұрады, соның 128-і еңбекпен қамтылған. 
Мекеменің бірінші директоры В.П.Мац, ол кісі орман шаруашылығының қалыптасуына елеулі үлес қосты. Ал А.С.Жирицкийді ауылдың негізін қалаушы деп атайды. Әр жылдары орман шаруашылығына біраз адамдар басшылық жасады. Шаруашылық жарты ғасырдан астам түрлі кезеңді бастан өткерсе де өз ісін жалғастырып келеді. 
0,0(0 оценок)
Ответ:
МилаяРайли06
МилаяРайли06
25.07.2022 14:34

Әнші құм

Қазақстанның кең байтақ дархан даласы әлі күнге дейін толық зерттелмеген, сыры ашылмаған құпияларға толы. Кең байтақ жеріміздің аумағында табиғаттың көз тартар небір құбылыстары мен қайталанбас өзіне тән ерекшеліктері бар. Солардың бірі «әнші құм» (кейбір деректерде Айғай құм) – Алматы облысы Кербұлақ ауданы жеріндегі Іле өзенінің аңғарын бойлай орналасқан Үлкен Қалқан тауы және Кіші Қалқан тауы етегіндегі құмды төбе, Алматы қаласынан 250 шақырым қашықтықта орналасқан. Биіктігі 150 м-дей, ұзындығы 8 км, ені 3 км-ге дейін жетеді. Қалқан тауларынан соғатын желдің бағыты үнемі өзгеріп отыруы нәтижесінде құм түйіршіктері електеніп, бірегей құм қо тұратын төбеге айналған.

«Алтынемел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі «Айғай құм немесе Әнші құм» атты құмды төбені өз қамқорлығына алған. Кейбір деректерге сүйенсек, «Алтынемел» ұлттық қорығы кезінде Шоқан Уәлихановтың Қашқарияға сапарында пана болған деседі.

Ал енді бұл өңір неліктен «әнші құм» атанып кетті екен? Осыған тоқталып көрейік. Бұл құмның бір ерекшелігі – құрғақ күндері әуенді дыбыстар шығарады. Оның әуені бірнеше шақырымдарға жайылып, алыстан да естіліп тұрады.

Кейбір пікірлерге сүйенсек, құмның ұсақ бөлшектері бір-біріне үйкелген кезде осындай әуенді дыбыстар шығады екен: жеңіл самал жел шиқылдаған дыбыстар шығарса, қатты жел орган дыбысына ұқсас әуен шығарады. Алайда, желсіз күнде де құмның әуенін тыңдауға болады. Осы сиқырына байланысты, құм жайында көптеген аңыздар пайда болған. Құмның тағы бір ерекшелігі – ол басқа құмдар сияқты орнын ауыстырып, көшіп жүрмейді, керісінше, мыңдаған жылдар бойы Алтынемел аумағында, бір орында тұр.

Осындай табиғи ерекшелік әлемнің басқа жерінде жоқ деп айтсақ та болатын шығар. Тіпті кезінде Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан бұл табиғат ескерткішіне жолаушылар әдейілеп ат басын бұрған деседі.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота