. Наурыз мейрамы басқа елдерде қалай тойланады екен?
Өзбекстан халқы «Навруз» мейрамына 15-20 күн алдын ала дайындала бастайды. Яғни, арықтарды қоқыстан тазартып, ағаштардың түбін әктейді. Әр махалла (көше, ауыл) Наурыз мерекесін өз көшесінде тойлайды. Мейрам қарсаңында Наурызкөжеге ұқсас «сумаляк» немесе ханпалау әзірлейді. Бұл - бидай қайнатылып, мақтаның майын қосу арқылы дайындалатын тағам. «Сумаляк» өмірді, молшылықты білдіреді.
Түрікменстанда «Новруз» мейрамы ресми түрде 1992 жылдан бері аталып келеді. Бұл елде дастарқан басына бидайдан жасалған тағам түрлері, халва және ұннан жасалған түрлері қойылады. Дегенмен түрікмендер үшін ең басты тағам бидай сабағынан дайындалған «семене» болып есептеледі.
3-тапсырма. Мәтіндегі әр халықтың Наурыз мерекесін тойлаудағы ұқсастықтары мен ерекшеліктерін Венн диаграммасы бойынша салыстырыңдар.
Металлдан, әйнек пен бетоннан жасалған бұл «терек» сәулеттік мағынасы жағынан да, жасалуы жағынан да бірегей: биіктігі 105 метрлік металл құрамасынан, салмағы 1000 тоннадан жоғары бес жүзге жуық қададан тұрады. Есіл өзенінің сол жағалауында бой көтерген зәулім «Бәйтеректің» биіктігі 97 м (Астана қаласының елорда статусына ие болған жылға байланысты таңдалған), диаметрі 27 м; негізгі есікке бастайтын әшекейлі темірбетон саты жер бетінен 4,8 м жоғары орналасқан. Әлемде бірінші рет диаметрі 22 метрлік және салмағы 300 тоннадан тұратын күннің түсуіне қарай түсін өзгертетін «хамелеон» әйнегінен жасалынған шар биіктігі жағынан рекордқа (әлемдегі ең үлкен шардың ең биіке көтерілуі бойынша) ие болды. «Бәйтерек» нысаны үш бөліктен тұрады; жер асты бөлігі ұлттың тамыр жаюы, ал одан кейінгілері өркендеу кезеңдерінің нышандарын білдіреді. Ең жоғарғы жағында «Аялы алақан» композициясы орын тепкен. Одан әрі қосымша түріндегі композиция өз негізінен бөлініп, жер бетіне қалықтап тұрғандай әсерге бөлейді. Ұшар басында алтын шар орналасқан. Арнайы шынылармен әйнектелген «Бәйтерек» күмбезінің салмағы 70 т, ал алтын шардың үстіңгі ауданы 1553 м². Осынау ғаламат шардың панорамалық залынан Астананың кешегі және бүгінгі сәулеті – «ескі» және «жаңа» көрінісін тамашалауға болады. Алтын шар мен ғимараттың негізгі кіре берісі бір-бірімен «оқпан» деп аталатын салмағы 695 т металл құралыммен байланысып, жалғасқан. «Бәйтерек» кешенінде келушілердің демалып, асықпай отырып төңірегін көруге мүмкіндік беретін дәмханасы да бар. Астананың орталығында көкке бой созып тұрған «Бәйтерек» – қазіргі Қазақстанның нышан-символы, қазақ халқының қайта өрлеуі мен түлеуінің, мемлекеттілігінің, биіктік пен тереңдіктің, кеңдіктің белгісі, дархандықтың көрінісі іспетті. Ол елорданың халық көп баратын жерінің бірі.[1]