Қазақстан халқы Ассамблеясы — ол әрі іргетас, әрі бейбітшілік, рухани келісім мәдениетінің негізгі қағидаты. Ассамблея — мемлекеттік органдардың халықпен жемісті үнқатысуын, барлық этностар өмірлерінің өзекті мәселелерінің шешілуін қамтамасыз етуші ұйым. «Дамудың сыры — бірлікте, Табыстың сыры — тірлікте». Мұратқа жолын тапқан жетеді. Еңбегіміздің жанбағы біздің ортақ үйімізді бейбітшіліктің бесігі етіп, барды бағалай білуімізге байланысты. Қазақты қасиетті қара шаңыраққа баласақ, еліміздегі барша этностар — сол шаңыраққа шаншылған уықтар.
— Ортақ ордамыз — Қазақстанның босағасын берік, шаңырағын биік ұстап, түтінін түзу ұшыру — елдік мақсат. Сонда ғана Қазақстан «2050» Стратегиясында айтылған үздік 30 елдің қатарынан табылады. Біздің Отанымыз — ортақ, тілегіміз — бір, мақсатымыз — жалғыз. Ол — жері гүлденген, елі түрленген, дамуы жедел, ұрпағы кемел Мәңгілік Қазақстан!
— Қазақстан халқы ассамблеясы қазақстан республикасы президентінің 1995 жылғы 1 наурыздағы жарлығымен мемлекет басшысы жанындағы консультативтік-кеңесші орган ретінде құрылды. Елбасы нұрсұлтан назарбаев қазақстан халқы ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы тәуелсіздіктің бір жылдығына арналған қазақстан халқының бірінші форумында жариялады.
Баяғы бір заманда бай мен кедей көрші өмір сүріпті. Олардың араздығы сондай, бірін-бірі көргісі келмейді екен. Байдың үйі кең, әдемі болыпты. Іші толған – алтын мен күміс. Ал кедейдің үйі ағаштан жасалған, төбесін бұтамен жапқан қора екен. Алтын мен күміс түгілі, нанын әзер тауып жепті. Егін егіп, оны суарып, күтіп, орып, өз күнін өзі көріпті. Бір жылы көктемде алапат, су тасқыны болады. Бай алтынын көтеріп ағаштың ағаштың басына шығып кетеді. Ал кедей болса, бір көмеш нанын қойнына салып, ол да ағаштың басына көтеріледі. Су тасқыны он бес күнге созылады. Бір күні қарны ашқан бай кедейге: - Әй, кедей, сен мына бір кесек алтынды ал да, маған бір үзім нан бер, - дейді. - Жоқ, алтының өзіңе, нан бере алмаймын, - деп жауап береді кедей. Екінші күні бай кедейден тағы тағы да нан сұрайды. - Алтынымның жартысын берейін, - дейді ол бұл жолы. - Жоқ, бере алмаймын, - деп бұл жолы да кедей келіспейді. Ақыры, аштан өліп бара жатқан соң шыдамай, бай бір үзім нанға барлық алтынын айырбастайтынын айтады. Кедей бәрібір көнбейді. Бойынан күші кеткен бай басы айналып, суға құлап кетеді. Ал, келесі күні су тоқтап, кедей ағаштың басынан түседі. Халықтың: «Алтын, күміс - тас екен, арпа, бидай – ас екен» дейтіні осыған орай айтылған екен.