Найдите местоимения. күні жұмбақ ға- ламшардан екі бала келді.
Жұмбақ елден келген бала-
лардың әңгімесі де құпияға
толы еді:
Біз Жердегі тіршілікті
көп зерттедік, деді қонақ-
тың үлкені. - Жер ғаламшары
ғарыштан керемет әдемі көрі-
неді. Бірақ жақындасаң, қатты
қорқасың. Қара қою түтіннен,
улы газдан тұншыға бастайсың.
Көзің қарауытып, басың айналады. Біз ешқайда қона алмай, қатты
қиналдық. Мұхиттарда көк киттердің күңіренгенін, аққулардың таза
суды аңсағанын көрдік. Ал ақ аю мұзды құшақтап қатты жылады. Ор-
мандар өртеніп жатыр, құстар ұясынан айырылды. Жүрегіміз ауырды...
Қап, ұят болды-ау! - деді Мақсат.
- Өздеріңе әдейі келдік, деді екінші қонақ бала. - Табиғат-ананы
ренжітіп алыпсыңдар... Бірақ барлық ақылды бала осы жерде тұрады
екен. Болашақтарың жарқын, көңіл күйлерің, өмірлерің жақсы бо-
лады. Ол үшін Жер-ананы сақтаңдар.
Бәріне жауапты сендерсіңдер. Біз қазақтарды «Күннен келген
халық» деп білеміз. Сендер сол халықтың ұрпағысыңдар. Сондықтан
бәріне жауаптысыңдар! - деді үлкен қонақ.
Әже - баланың әкесінің, сондай-ақ, анасының шешесін атайтын, туыстық қатынасты білдіретін атау. Одан арғылары үлкен әже немесе ұлы әже деп аталады.[1]
Қазақ отбасындағы әже орны ерекше әрі қадірлі. Әже - отбасының ғана емес, әулеттің де ұйытқысы, ағайын- абысындардың бірлігін, татулығын сақтайтын сыйлы анасы, кейінгі жастардың, келіндердің тәрбиешісі әрі ақылгөйі Қазақ қоғамында әдетте жас отау иелерінің тұңғыш баласын әжесі бауырына салады. Бала ата-әженің кенжесі саналып, немерені әжесі тәрбиелеп, бағып-қағады. Әже мен немере арасындағы туыстық байланыс өте нәзік әрі берік. Балажан қазақ үшін ата мен әжеге жас сәби жай ғана ермек емес, тәрбиеленуші ерекше субъект. Тарихта күллі рулы елге ана болып саналған Айпара әже, Домалақ ене, Зере, Айғаным секілді әжелердің бейнесі аңыз-әңгімелерде, әдеби шығармаларда сомдалған.