Найти обстоятельство
Су қоршаған ортаның құрамдас бөлігі ретінде - жер биосферасының компоненті, жердегі өмірдің табиғи негізі, барлық тірі организмдер мен өсімдіктер дүниесінің өмір сүруін қамтамасыз етеді, адамдардың өмір сүру негізі, қоғамның экономикалық әлеуметтік және экологиялық салауаттылығының негізі болып табылады. Сулар шектеулі қалпына келтіретін, бірақ зиян шеккіш табиғи ресурс, сондықтан да экологиялық заңдар оларды ұтымды пайдалану мен жан-жақты қорғаумен айналысады.
Өмірде шынайы дос ,өзіңе серік болатын дос табу қиын.
Достыққа жүрмін, достыққа жүрмін құмартып,
Өлгелі жүрмін өзіме-өзім мін артып.
М.Мақатаев.
Ойлап қараңызшы...Достықсыз адамдар арасындағы қарым-қатынасты елестету мүмкін бе?Әрине,жоқ.Достық ол адамдардың бір-бірімен ұқсастығы,талғамдарының сәйкес келуі ғана емес.Достық деген адамдардың бір-біріне қиын кезде де,қуанышта да бірге болуы,арадағы қатынасқа адалдықпен,ақ ниетпен қарауы.Былайша айтқанда,адал дос та,амал дос та бұл өмірде кездеседі.Тек олардың ара жігін айыра білу керек.
Қай адам болмасын жанынан әркез табылар шынайы досты іздейді.Әрі досына қарап адамды бағалайтынымыз тағы бар.Осыларды ескере отыра ондай адал достарды табу қиын істердің бірі екендігін білуге болады.Алайда,өзгеден мін іздеместен бұрын өзіңізге назар салып,баға беруіңіз қажет.Шын досқа лайықты болмасаңыз кемелденіңіз,ойларыңыз бен пікірлеріңізді өзгертуге тура келеді. Дана халқымыз «дос жылатып айтады,дұшпан күлдіріп айтады» демекші,өтірік дос кейпін танытып,екіжүзділікке баратындарға сенгіш аңқау болмауыңыз керек.
Бір дос бар мұрныңнан қан кеткенше, Бір дос бар астыңнан тақ кеткенше,
Бір дос бар басыңнан бақ кеткенше,
Бір дос бар қораңнан мал кеткенше,
Бір дос бар кеудеңнен жан кеткенше,- дегендей,қазір осындай достардың түрі көбеюде.Оларды ажырата алу үшін ақылдылық пен көрегенділік керек.
Бұл өмірде шексіз ешнәрсе жоқ дейді ғой.Бір қаламмен мәңгілікке жаза бермейсіз,себебы сиясы бітеді.Адам да мәңгі өмір сүрмейді.Ал осылайша екі адам арасындағы достық жібінің мәңгілікке үзілуі – ол ешқандай достықтың болмағанының белгісі.Бұл сөзіме Марк Твеннің:“Достық үзілмейді, үзілсе ол достықтың болмағаны,”-деген сөзі дәлел.
Қорытындылай келе,бұл өмірде нағыз досты табу – қиынның қиыны.Алайда адал достық бұл қиындықтарға тұратын қатынас.Жоғарыдағы аталған шарттар орындалса,өзің шынайы бола білсең ғана шынайы досыңды іздемей-ақ табасың дегім келеді.Ал сол бір нағыз досыңды тапсаң,арадағы алып күштен айырылып қалмауға тырыс.
Оқи салшы))
Күндердің бір күні Жылан жер жүзіндегі жанды мен жансыздарға мынадай арыз айтады:
— Мені Тәңірім сендердің бәріңнен кем жаратыпты. Аяқ-қолым жоқ. Басымды көтере алмай, жер бауырлап қалдым. Не жеп, не қоярымды да білмеймін. Сендердің бәрің бір бүтін тілдісіңдер, ал мен айыр тілдімін. Ойлап отырсам, жанды мен жансыздың ішіндегі сорлысы мен екенмін. Маған ешқайсыңның жәрдем еткілерің келмейді. «Сен қасіретті көп тарттың, ондайлар әрдайым әділ келеді, сен барлығымызға патша да бола аласың» деп, сөзбен болса да жұбатып кетпейсіңдер, – деп, ол екі көзінен қанды жасын сорғалатып, ағыл-тегіл жылайды.
Жанды-жансыздың барлығы жыланға аяныш білдіріп, өкпесін орынды көреді, «қарасың деп шықпайтын, қара қылды қақ жарған, ақ жүрек ақылшымыз болар» десіп, өздеріне патша етіп сайлайды.
Жыл артынан жыл, күн артынан күн өтіп жатады.
Күндердің күнінде Жыланекең: «Бүкіл әлемге патша болып, барлық билікті өз қолыма алсам, бұдан да жақсы тұрар едім. Көзіме көрінген тамақты ішпей, дүниедегі жандылардың ең тәтті қандысын жер едім», – деп қиялдайды. Қан дәмін айыра алатындарды шақыртады. Қос қанатын делдитіп, аяқтарын шілтитіп, қуарып Шіркей, тұмсығын едірейтіп Маса, патшаның көңілін табам деушілердің бәрі келеді.