Найти в тексте настоящее время глагола образовавшийся жатыр,отыр,тұр,жүр. 3-тапсырма. Мәтінді оқы. Мәтінге тақырып қой.
Қазақстанның заманға лайық жаңа астанасын салу идеясын айтқан -
Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев. Астана Азияның солтүстігінде
орналасқан. Астана шаһары «Алматы», «Сарыарқа» және «Есіл»,
«Байқоңыр» аудандарынан тұрады,
Астана - Қазақстандағы ірі бизнес орталықтарының бірі. Астана мәр-
тебесін алғалы бері қалада 10 миллион шаршы метр тұрғын үй салынды.
Астанада саяси және әкімшілік іс-шаралар, түрлі жарыстар жиі ұйым-
дастырылады. Астана құрылысына жүздеген отандық және шетелдік құ-
рылыс компаниясы қатысты.
Астанада батыс пен шығыстың мәдени дәстүрі үйлесімді қолданылған
ғимарат көп.
«Бәйтерек» кешені жаңа елорданың басты символы, оның бой-
тұмары. Онда «Аялы алақан» композициясы бар. Астанада «Ханшатыр»
сауда-саттық және ойын-сауық орталығы, теңізден алыс орналасқан
океанариум «Думан» орталығы, «Астана опера» мемлекеттік оnе-
ра және балет театры, «Қазақстан» орталық концерт залы, «Қазақ елі»
монумент, 30 мың көрерменге арналған «Астана-арена» жабық стадио-
ны бар