Негізгі бөлім аа- Мәәтінмен жұмыс
Еліміз арзан электр энергиясын іздеуді мақсат етеді. Желдің
күшімен өндірілетін электр қуаты халық шаруашылығына
жұмсалады. Желдің күшімен алынатын электр энергиясы үйлерді
жылыту, жап-жарық ету үшін пайдаланылады.
Жел энергиясының басқа энергия көздерінен экологиялық
және экономикалық артықшылығы көп. Жел энергетикасы
қондырғыларының технологиясын жетілдірсе, оның тиімділігі
артады. Республиканың кейбір су электр стансылары мен жел
электр стансыларын біріктіріп, электр энергиясын өндірген өте
тиімді. Қыс айларында желдің күші көбейсе, жаз айларында
азаяды. Ал СУ, керісінше, қыс айларында азайса, жаз айларында
көбейеді. Сөйтіп, энергия өндіруді біршама тұрақтандыруға
болады. Бұл - өте зор энергия көзі.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев кітап туралы былай деген екен:«Өзінің биік, таза, рухани қасиетімен Кітап мәдениет пен руханиятты қорғауда теңдесі жоқ қару болып табылады. Кітап а ағарту һәм білім сыйлайды.
Кітап беттерінде адамзат тіршілігінің сан қилы құпия сырлары сақталған.
Кітап –уақыт пен кеңістіктің тынысына толы адамзат ойының жемісі.
Адамзат кітапқа өзінің қасиетті сезімі мен жан жылуын сеніп тапсырған.
Кітап-ең сабырлы ұстаз.
Тек кітап қана қайырымдылық пен айуандықтың, ақиқат пен жалғанның ара жігін айнытпай танытып білуге үйретеді».
Ендеше,әрине,ең құнды сыйлық кітап болмақ.Әрбір ұлтжанды адам кітап оқығаннан ләззат алады.Сондықтан да,достарымыз бен туған-туыстарымызға кітаптар сыйлап , кітаптың қадіріне жетейік.
--Мен сабаққа уақытында келемін.
--Қандай пән саған ұнайды ?
--Маған қазақ тілі пәні ұнайды.
--Неге ?
--Мен Қазақстанда тұрамын. Қазақ тілі біздің мемлекеттік тіліміз.
Сондықтан маған қазақ тілі пәні ұнайды.
--Сабақты түсінбесең не істейсің ?
--Сабақты түсінбесем мен мұғалімнен қайта түсіндіруді сұраймын.
--Үй тапсырмасын үақытында орындайсын ба ?
--Үй тапсырмасын мен уақытында орындаймын , менің күн тәртібім бар.
--Сабақта қандай бағаны жиі аласын ?
--Сабақта төрт пен бес бағаны жиі аламын.
--Сабақтан себепсіз қалған күндерін болды ма ?
--Сабақтан себепсіз күндерім болған жоқ