Негізгі мәтін бөліміне сәйкес келетін қатарды көрсет. 6-сынып оқушысы Әлі Жаппарға
1. Әлі Жаппар 2008 жылы 15 мамырда туған. Көпбалалы отбасынан шыққан. Қызылорда қаласындағы №15 қазақ орта мектеп-лицейінде 2014 жылдан бері оқып келеді. Биыл 6-сыныпты бітірді.
2. Жаппар – үздік, зерек оқушы, сабақтарын төрт пен беске оқиды. Әсіресе математика мен физика пәндерін сүйіп оқиды. Осы пәндерге өте ықыласты әрі бейім, ісіне өте ұқыпты, талаптанады. Кітап оқуды, ән айтуды жақсы көреді.
3. Ол көпшіл, жолдастарымен арасында жақсы достық қарым-қатынас қалыптасқан. Іске икемді, сөзіне берік. Бастаған ісін мақсатты түрде бастап, нәтижеге жұмыс жасайды. Қоғамдық жұмыстарға белсене қатысады.
4. Жаппар ойдағысын анық айтып, дәлелді түрде жеткізе алады. Мінезі сыпайы. Этикалық нормаларды сақтайды. Тәртіпті.
5. Мінездеме «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында демалу үшін берілді.
6. Сынып жетекшісі Т.Ықылас
7. 20.06. 2019ж.
Дұрыс жауап саны: 3
«Атың барда – жер таны желіп жүріп...»
Туған жерге туыңды тік.
Әдептілік, ар-ұят – адамдықтың белгісі
Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды.
«Өнер-білім бар жұрттар...»
Күз – бұл өте тамаша мезгіл. Күз мезгілі адамның көңіл-күйі секілді құбылмалы. Бірде жаңбыр жауып жатса, енді бірде күн шайдай ашылып тұрады. Күзде білім күні басталады. Бұл күнде енді мектеп табалдырығын аттайын деп жатқан кішкентай балалар қуанады. Олар үшін бұл күн өте ерекше. Жалғыз кішкентай балалар үшін ғана емес, біз үшін де бұл күн өте ерекше. Себебі, бұл күнде біздің өмірге деген көзқарасымыз ашылып, әлемді тани бастаймыз. Күз мезгілінде жапырақтар сарғайып, айнала алтын түске боялады. Жерге алтын кілем төселгендей болады. Арасында шыршалар ғана түсін өзгертпеген. Барлығы әсерлі, өте керемет. Құстар жылы жаққа ұшып барады, ал балалар аула жұмысын бөлісіп тазалауда. Кейбіреулері жеміс-жидек жинаса, біреулері ауланы түскен жапырақтардан тазартуда. Балалар әрі еңбек етіп, әрі ойын ойнауда.Барлығы көңілді. Жануарлар да қылышын сүйретіп келе жатқан қысқа дайындалуда. Қоян, қасқыр, түлкі сияқты жануарлардың жүндері қалыңдай бастайды. Адамдар да қызу еңбек үстінде. Диқаншылар егіс даласында дән жиса, ауыл адамдары отын, көмірлерін түсіріп, қыстан қысылмай шығудың қамын жасауда.
Осы мезгілде бізде «күзгі бал» атты байқау болды. Біз өзіміздің тамаша өнерімізді көрсеттік, және де түрлі дәнді-дақылдар мен жеміс-жидектерден керемет туынды жасап шығардық. Басқа сыныптың оқушылары да неше түрлі жемістерден керемет нәрселер жасады. Біз үшін бұл байқау өте керемет өтті. Бәрі де көңілді болды. Күз кереметі осы шығар деп ойлаймын.
ответь:Алдымен әже тәрбиесі арқылы бала жақсы-жаманды ажыратып, үлкен-кішіні тани бастайды. Мінез-құлық, тіл тәрбиесі қалыптасып, бала үй шаруасына бейім, елгезек тілалғыш, мейірімді болып өседі. Әженің алдын көрген балаға былайғы жұрт тәрбиелі бала деп баға береді. Әже тәрбиесі көбіне «олай істеме, былай істе», «бүйтсең жаман, өйтсең жақсы»деген вербалды сипатта, ақылгөйлік мазмұнда болып, әженің мейірімі мен жүрек жылуына бөленіп өседі. Осылайша жас бала қазақы ортадағы моральдық-этикалық нормалармен таныса отырып, адами тұлғаның қалыптасуына ғана емес, дәстүрлі ырым-тыйымдар жүйесінің қағидаттарын біртіндеп бойына сіңіре бастайды.