Жаңбыр — бұлттан бөлініп жерге түсетін атмосфералық сұйық тамшылардың жиынтық атауы.Тропосфераның жоғарғы қабатында қалыптасқан қар, мұз түйіршіктері оның жер бетіне жақын қабатынан өткенде еріп жаңбыр тамшыларына айналады. Ақ жаңбыр — қатпарлы бұлттардан жауады, бірнеше сағаттан бірнеше тәулікке дейін созылады. Нөсер жаңбыр — будақ бұлттардан қатты жауып тез аяқталады; олар, көбінесе, төменгі ендіктерге тәнШөл далада жаңбыр астында құрғақ күйде қалуға болады. Шын мәнінде, шөлді жерде жаңбыр жауады, бірақ бұны байқау мүмкін емес. Себебі ыстық ауаның әсерінен жаңбыр тамшылары жерге жетпей құрғап кетеді.
Көктем-ең тамаша жыл мезгілдерінің бірі, себебі оқушылардың сағына күткен көктемгі демалыстары басталады.Оқушылардың өздерін қызықтыратын істерімен айналысатын, туған –туысқандарына қыдырып баратын, ойын -сауықтыру орындарына барып демалуға болатын уақыт. Көктем- оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, жеке қызығушылықтарын дамытатын, денсаулықтарын нығайтатын уақыт. Көктем маусымындағы бағдарлама балалардың шығармашылық қабілеттерін ашуға, көшбасшылық, тез тіл табу сияқты қабілеттерін дамытуға, өз-өзіне сенімділіктерін арттыруға бағытталған.