Сөйлем құрауға қатысқан толық мағыналы сөздер сөйлем мүшелері деп аталады. Қазақ тілінде бес сөйлем мүшесі бар: бастауыш, баяндауыш, толықтауыш, пысықтауыш.
Сөйлем мүшесінің белгілері:
1) толық мағыналы сөз болу керек;
2) сөйлемдегі басқа сөзбен байланысып тұру керек;
3) сөйлем мүшелерінің бірінің сұрағына жауап беру керек.
Мысалы, Жылы желдің әлсіз ызыңы естіледі. Сөйлемде толық мағыналы бес сөз бар. Олардың әрқайсысы белгілі бір сұраққа жауап беріп тұр. Жылы – қандай? – сындық ұғым атауы, желдің – ненің? – заттық ұғым атауы, әлсіз – қандай? – сындық ұғым атауы, ызыңы – несі? – заттық ұғым атауы, естіледі – қайтеді? – қимылдық ұғым атауы.
Сөйлем мүшелері құрамына қарай дара, күрделі және үйірлі мүше болып үшке бөлінеді.
Дара сөйлем мүшесі толық мағыналы бір сөзден болады.
Мысалы, Аман жиналғандармен қысқа амандасты.
Сөйлемдегі әрбір сөйлем мүшесі – бір ғана сөзден құралып тұрған дара мүшелер.
Күрделі сөйлем мүшесі күрделі сөзден, тұрақты тіркестен не сөз тіркесінен, шылаулы сөзден құралады.
Мысалы, Еңбек Ері Ыбырай Жақаев екі рет Алтын Жұлдыз медалімен марапатталған еді.
Сөйлемдегі Еңбек Ері Ыбырай Жақаев – күрделі бастауыш, екі рет – күрделі пысықтауыш, Алтын Жұлдыз медалімен – күрделі толықтауыш, марапатталған еді – күрделі баяндауыш.
Үйірлі мүше – кемінде екі не одан да көп сөзден құралып, бастауыштық-баяндауыштық қатынастан тұратын, бір сөйлем мүшесінің қызметін атқаратын сөздер тобы. Үйірлі мүшелер көбінесе бар, жоқ, аз, көп тәрізді сөздерге және сын есімдер мен есімше тұлғаларына аяқталады.
Мысалы, Білімі көп адам жерде қалмайды. Білімі көп – қандай? адам – үйірлі анықтауыш. Сөйлемнің бес мүшесі де үйірлі бола алады.
Сөйлем мүшелерінің құрамына қарай бөлінуі.

Объяснение:
16. «Пәс» сөзі
В) Диалект
17. Зат есімнің рең мәнін тудыратын жұрнағы жалғанған сөз.
А) Ататай
18. Шығыс септігінде тұрған сілтеу есімдігі.
С)бұдан
19. Табыс септігінің жасырын тұрған жалғауы
Е) сен кітап ал.
20. Жұрнақ қолданылуына қарай...
А) сөз тудырушы
В) сөз түрлендіруші
21. Барыс жалғаулы сөзбен тіркесетін септеулік шылау
С) жуық,тарта
22. Жіктік жалғауы ... білдіреді
Е) қимыл иесін
23.Екпін қолданбайтын қосымша
Е) жіктік жалғау
24. Иелік мәнін білдіріп тұрған септік жалғау
Е) қаланың
25. Етістік түбіріне –қай, -кей, -ғай, -гей жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалған етістіктің түрі.
А) қалау рай