NIS 3 четвер Сұрақтың жауабын тап. Кім қандай пікір айтты? Терек Сексеуіл - Мені құрылыста, жиһаз жасауда пайдаланады. Қағаз, сіріңке жасайды. - Менің құрғақ бұлаларым отынға жақсы - Жолаушы адам менің келеңкемде демалады Шелге төзімдімін. Менің жас бұталарымда түйе жейді. Мен білін
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды. Үсті-басы ақ қырау, түсі суық, Басқан жері сықырлап, келіп қалды. Дем алысы - үскірік, аяз бен қар, Кәрі құдаң - қыс келіп, әлек салды. Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып, Аязбенен қызарып ажарланды. Бұлттай қасы жауып екі көзін, Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды. Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда, Алты қанат ақ орда үй шайқалды. Әуес көріп жүгірген жас балалар, Беті-қолы домбығып, үсік шалды. Шидем мен тон қабаттап киген малшы Бет қарауға шыдамай теріс айналды. Қар тепкенге қажымыс қайран жылқы Титығы құруына аз-ақ қалды. Қыспен бірге тұмсығын салды қасқыр, Малшыларым, қор қылма итке малды. Соныға малды жайып, күзетіңдер, Ұйқы өлтірмес, қайрат қыл, бұз қамалды! Ит жегенше Қондыбай, Қанай жесін, Құр жібер мына антұрған кәрі шалды.
Мәншүк Маметова Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Маметова 1922 жылдың 23 қазанында Батыс Қазақстанда дүниеге келген, ата-анасы Мәншүктің бес жасында дүниеден озған. Сондықтан да Мәншүк Алматыдағы тумаларының тәрбиесінде болған. Сонда мектеп бітіріп, Алматы медицина институтына түскен. 1942 жылы институттың екінші курсынынан өз еркімен әскерге сұранған және әскерге шақырылған. Әскерде пулеметчиктер(атқыштар) курсын оқыған. 1943 жылы Псков облысының Невель қаласын жаудан құтқару кезінде басынан ауыр жарақат алып, қайтыс болған. Сол шайқаста жетпістен астам жаудың көзін жойған. Жаужүрек қыз 21 жасқа толуына сегіз күн қалғанда қанды шайқаста қаза тапқан. Оған қайтыс болғаннан соң, Кеңес Одағының Батыры атағы берілген. Ер есімі- ел есінде.
Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Маметова 1922 жылдың 23 қазанында Батыс Қазақстанда дүниеге келген, ата-анасы Мәншүктің бес жасында дүниеден озған. Сондықтан да Мәншүк Алматыдағы тумаларының тәрбиесінде болған. Сонда мектеп бітіріп, Алматы медицина институтына түскен. 1942 жылы институттың екінші курсынынан өз еркімен әскерге сұранған және әскерге шақырылған. Әскерде пулеметчиктер(атқыштар) курсын оқыған.
1943 жылы Псков облысының Невель қаласын жаудан құтқару кезінде басынан ауыр жарақат алып, қайтыс болған. Сол шайқаста жетпістен астам жаудың көзін жойған. Жаужүрек қыз 21 жасқа толуына сегіз күн қалғанда қанды шайқаста қаза тапқан. Оған қайтыс болғаннан соң, Кеңес Одағының Батыры атағы берілген. Ер есімі- ел есінде.