но лht ex ойыны. Болашақта Қазақстанда өтетін ЭКСПО-ға инновация 9. Армандаушы. Сүзеге асыруны. Сыншы» шығармашылық ғылыми жаңалықтарды ойлап табандар. Берілген сурактар төңірегінде өз ойларынды жинақтап айтындар. Сұрақтары Ал жауаптары қатысушылар 1. Мақсаты Арман- даушы 1. 2027 жылы Қазақ- станда өтетін ЭКСПО. да қандай ғылыми жаңалықтарды таныстырамыз? 2. Еліміз одан не ұтады? 2. Біз ... ұтамыз, қол жет- кіземіз. жүзеге асырушы Сыншы 1. Бұны қашан 1. Мақсатқа ... уақыттан жөне қалай жүзеге кейін ... жетеміз. асырамыз? 2. Мақсатқа жеткені- 2. ... мақсатқа жетк
Шығарманың композициялық құрылымы.
Композиция-әдеби шығарманың құрылыс, оның үлкен-кішілі бөлім-бөлшектерінің бір-бірімен қисынды түрде қиюластырып, әр түрлі тәсілмен байланыстырылған тұтастық бірлігі. Шығарманың құрылысы шымыр болуы, бас-аяғы жеке тараулары жинақы келуі жекелеген бөлім бөлшектердің орынды жалғасуына байланысты.
Әдеби шығарманың композицялық құрылысының ұтымдылығы сөз болатын мәселелерді, суреттелетін жағдайларды, кейіпкерлердің іс-әрекетін талғап таңдай білу, оларды өлшеп, сұрыптап алу, қисынын тауып қиюластыра білу шеберлігіне байланысты болады және бұл-жазушының қандай шиеленіскен жағдай болса да түйінін тауып, ақ пен қараны ажыратып, не нәрсенің мәніді, маңызды екенін түсінетін көрегендігіне байланысты болады.
Композицияның көркемдік қуатылығы - әдеби шығармада не айтылғандығы қандай маңызды болса, нені қай (кезде) айту, әртүрлі жағдай, уақиғаның, іс-әрекеттің қайсысын кейінірек баяндау-бұлардың да мәні үлкен. Айталық, басты кейіпкер шығарманың өн бойында үлкен жігерлілік, алғырлық танытып келіп, ал енді ең соңында өмірден торығып, түңілгендей болса, бұдан туатын әсер бір түрлі де, егер осындай торығу, өзін әлісз сезіну шығарманың орта тұсында болып, кейіпкер қайта сергіп, серпіліп, өзінің ширақ, күрескер қалпына келген болса, шығарманың соңында ол осындай күйде болса, мұның оқырманға әсері мүлде басқаша болатыны түсінікті.
Әдеби шығармадағы жеке бөлім, тараулар оқиғалардың астас, жалғастығы, кейіпкердің ортақтығы арқылы бірігіп, тұтасып жатады. Композициялық тәсілдер алуан түрлі. Солардың іінде екі нәрсені салыстыра суреттеу немесе қарама-қарсы қойып суреттеу жиі кездеседі. Бұларға қоса, шығарманың композициялық құрылысын белгілеуде елеулі орын алатын ерекшеліктер: уақиға автордың, автордан басқа бандаушының атынан айтылуы немесе кейбір тұстарда болған жағдайлар шығармадағы кейіпкерлердің көзімен көрген қалпында алынып, соның ұғым-түсінігі арқылы берілуі.
Шығарманың композициялық құрылысы:
1. Сюжеттің басталуы.
2. Сюжеттік байланыс.
3. Шиеленісуі.
4. Шарықтау шегі.
5. Шешімі.
Қазақстанымыздың көрікті жерлері өте көп. Атап айта кетсек:Астана – Тәуелсіз Қазақстанның символы және бас қаласы,өте әдемі қала.
Алматы үлкен іскерлік және мәдени орталық десек те болады. Ұзақ жылдар бойы қала Қазақстанның астанасы болған. Ол өзінің архитектуралық ескерткіштері және сұлу табиғатымен де танымал. Онда «Медеу» мұз айдыны, Көктөбе, 28 гвардиялық-панфиловшылар саябағы, Тәуелсіздік монументі, тағы өзге де көрікті жерлер көп.
Балқаш көлі – Қазақстанның оңтүстік-шығысында орналасқан тұйық көл. Аумағы Алматы, Қарағанды, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарын қамтиды. Каспий және Арал теңіздерінен кейін аумағы бойынша 3-орында. Бурабай Көкше өлкесіндегі ғажап мекен. Мұндағы ең танымал жер Жұмбақтас десек, артық айтпаймыз. Оның тұрпаты бір қарағанда египеттік сфинксті, енді бірде кемпір кейпін, кейде сұлу қызды көргендей әсер қалдырады.
Еліміздің көрікті жерлері бұнымен тоқтап қалған жоқ,тағы да басқа әдемі жерлер жетерлік.