НУЖНА СОЧ тоқсан бойынша тоқсандық жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар «Қазақстан қорықтары» және «Астана – мәдениет пен өнер ордасы» бөлімдері бойынша тоқсандық жиынтық бағалау
І. Оқылым.
1 – тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
1 – мәтін
Ақсу – Жабағылы қорығы алуан түрлі реликтілі өсімдікке бай. Мұнда жеміс-жидек, Альпі шалғыны, дәрілік өсімдіктер т.б. өседі. Қорықтың символы — грейс қызғалдағы. Қызғалдақ, сарғалдақтар алғаш Ақсу-Жабағылыда өсірілген. Қорықтың таулы бөлігі — мәңгілік мұздықтар. Ондағы түпсіз, көгілдір, мұздай тау көлдері айнадай шағылысады. Тік жартастардан сарқырамалар ағады. Қорық аң-құсқа бай. Онда таутеке, елік, марал, қар барысы, аю, борсық, мензбир суыры, ондатр т.б. аңдар мекендейді; Гималай ұлары, кекілік, бүркіт, қарақұтан, бозторғай, сарыторғай, шымшық т.б. құстар; сарыбауыр кесіртке, жылан, құрбақалар мекендейді. Қорықтың ландшафтысы ерекше. Онда шөлейттер де, ылғалды жазықтар да, аршалы ну ормандар да бар. (89 сөз)
2 – мәтін
Күннен туған баламын,
Жарқыраймын, жанамын.
Күнге ғана бағынам.
Өзім Күнмін, өзім — от,
Сөзім, қысық көзім де — от,
Өзіме өзім табынам.
Жерде жалғыз Тәңірі — от.
Оттан басқа Тәңірі жоқ!
Шынында, менің өзім де — от,
Қысылған қара көзім де — от.
Мен оттанмын, от — менен,
Жалынмын мен, жанамын.
Оттан туған баламын.
Қараңғылық бұққанда,
Қызарып күн шыққанда,
Күн отынан туғанмын! (Мағжан Жұмабаев)
Берілген мәтіндердің тақырыбын анықтаңыз.
1 – мәтін:
2 – мәтін:
2 – тапсырма. Мәтіндердің түрі мен стилін салыстырыңыз.
1 – мәтін 2 – мәтін
Түрі
Стилі
3 – тапсырма. Бірінші мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтаңыз
4 – тапсырма. Берілген сөздерді қолданып, сұраққа жауап беріңіз.
Қорық, көрікті жерлер, парыз, шөлейт, ну орман
– Біздің облысымызда ерекше қорғауға арналған жерлер бар ма?
– Сен онда болдың ба?
ІІ. Жазылым
5 – тапсырма.
Берілген екі тақырыптардың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз (60-80 сөз). Сөздерді орфографиялық нормаға сай жазып, жазба жұмысыңызда етістіктің нақ осы шақ түрін, сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолданыңыз.
1. «Қазақстан қорықтары»
Біздің елімізде бірнеше қорық бар. Ал осы қорықтардың пайдасын білеміз бе?
Осы жайында өз ойларыңызды дәлелдеп, пайымдау эссе түрінде жазыңыз. Эссе құрылымын сақтаңыз.
2. «Астана — арман қала»
Астана – еліміздің ордасы. Сіз жазғы каникул кезінде туыстарыңызбен Астанаға қыдырып келдіңіз. Бас қаламыздың көптеген мәдени орындарында және көрікті жерлерінде болдыңыз. Сіздің алған әсеріңіз қандай?
Өз ойыңызды жинақтап, сипаттау эссе жазыңыз. Эссе құрылымын сақтаңыз
Қазақстанда Наурыз мейрамы уш кун: 21-23 наурыз аралығында аталып өтіледі (2010 жылдан бастап). Жалпы, Наурыз парсы, кавказ жане турік халықтарынын арасында көктем мейрамы жане жана жылдын басталуы ретінде тойланады. Ол Иранда 21 наурызда, Орталық Азия елдерінде жане Азірбайжанда, мемлекеттік мереке ретінде Тaжікстанда жaне Қазақстанда - 22 наурызда, Өзбекстан мен Тyркияда 21 наурыз кyні аталып өтіледі.
1. Барлық ағзада қоректік зат мол болады. 2. Сондықтан оның салмағы үш жылда 160 тон-
наға жетуі мүмкін. 3. Көптеген мемлекетте, соның ішінде біздің елімізде кейбір жануарлар
қорғауға алынған. 4. Соған байланысты ғалымдар оның себеп-салдарын анықтап, ба-
лықтың азайып кеткен түрлерін қалпына келтіру, мүмкін болса, оны көбейтуді мақсат
етіп отыр.. 5. 2008 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы 2009 жылдан
бастап, бұл мейрамды ресми түрде атап өту туралы қаулы шығарды. 6. Кейбір түрлерінде
шағын тамырлары бар. 7. Мұнаймен ластанған суға қонғанда оның қауырсындары май-
ланып, жылу ұстайтын, су жұқтырмайтын қасиетін жоғалтады
Объяснение: