нужно. 1. Повестің тақырыбы мен идеясына талдау жасаңдар . Шығарма тақырыбы бүгінгі күнде өзекті ме ?
2. Крейгель мен Иноземцевтің қазақ халқы туралы ойлары қандай ? Олардың қазақ халқына деген көзқарасын қалай байқауға болады ? Шығармадан мысал келтіріп , талдау жасаңдар .
3. Голоножкин Крейгельге « Я не могу , Ваше благородие , я живу на их земле деп қашан және неліктен айтып еді ? Бұған Крейгель қалай жауап береді ? Екеуінің арасындағы диалогтен қандай қорытынды шығарар едіңдер ? Не себепті Голоножкин бұлай деді ?
Саны белгілі бір мөлшерден төмендеп кеткен жануарларды жойылып кету қаупі төнген жануарлар қатарына жатқызамыз. Мұны туу санының өлу санынан төмендеп кеткендігінен аңғаруға болады. Адамдар аңдарды аяусыз аулап, олар мекен ететін алқаптарды тарылтуы салдарынан жануарлар табиғи мекенін тастап, басқа жерлерге кетуге мәжбүр болады. Олар адамдардың іс-әрекетінен қатты зардап шегуде. Көптеген жануарлар терісі мен өзге дене мүшелерінен құнды заттар жасалатын болғандықтан ғана өлтіріледі. Бүгінде, әсіресе, сілеусіндерге жоғалып кету каупі қатты төніп тұр. Малшылар оны малдарына шабуыл жасағаны үшін өлтіреді. Саны азайған жануарлар тізімінде сүйкімді пандалар мен гориллалар да бар. Бір кездері оннан астам түрі қаптап жүретін мүйізтұмсықтардың бүгінде бес түрі ғана қалған. Сондай-ақ, ақ аю, тасбақа, дельфин, шимпанзелер де осы тізімге кіреді. Ежелгі дәуірден бері аман келе жатқан бұл жануарларды ғылым мен техника ғасырының адамдары осылай аздырып жіберді.
Өзен Ұзындығы Қазақстанда
Ертіс 4 248 км 1 700 км
Есіл 2 450 км 1 400 км
Жайық 2 428 км 1 082 км
Сырдария 2 219 км 1 400 км
Тобыл 1 591 км 800 км
Іле 1 439 км 815 км
Шу 1 186 км 800 км
Ұзындығы 500 км
Өзен Ұзындығы Қазақстанда
Нұра 978 км 978 км
Торғай 825 км 825 км
Ойыл (өзен) 800 км 800 км
Сарысу 800 км 800 км
Жем 712 км 712 км
Талас 661 км 453 км
Үлкен Өзен 650 км 260 км
Кіші Өзен 638 км 395 км
Елек 623 км км
Ырғыз 593 км 593км
Сағыз өзені 511 км 511 км
Шідерті өзені 502 км 502км
Республиканың барлық өзендері Солтүстік Мұзды мұхит және ішкі тұйық көлдер алаптарына құяды. Екі алап арасындағы суайрық Сауыр-Тарбағатай тау жүйесінің қырқасы мен Сарыарқа, Торғай үстірті арқылы өтіп, Оңтүстік Оралға тіреледі.
Солтүстік Мұзды мұхит алабы өзендерінің су ағыны тұрақты келеді. Бұл алқапқа жататын өзен Ертіс (Есіл және Тобыл салаларымен).
Республика өзендерінің едәуір бөлігі ішкі тұйық алапқа жатады. Ішкі тұйық алап ірі көлдерге құятын өзендер жүйесімен келесі сатыдағы кіші алапқа бөлінеді. Бұл көлдердің ірілері — Каспий, Арал теңіздері және Балқаш көлі. Ішкі тұйық алапқа ұсақ көлдерге құятын, құмға барып сіңіп кететін, сондай-ақ уақытша ағатын өзендер де жатады.
Каспий теңізі алабы Батыс Қазақстан өзендерін қамтиды. Оларға Жайық, Жем, Сағыз, Ойыл, Сары өзен, Қара өзен және т.б. жатады.
Арал теңізі алабына Оңтүстік және Орталық Қазақстанның оңтүстік бөлігінің өзендері жатады. Өзендер шөл зонасында орналасқан және өзен желісі сирек. Басты өзендері Сырдария, Арыс саласы мен Шу, Сарысу, Торғай, Ырғыз, Талас өзендері. Бұлардың ішінде Сырдариядан басқасы Арал теңізіне жетпей құмға сіңіп кетеді.
Балқаш-Алакөл көлдер жүйесіне Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы өзендер кіреді. Олар: Қаратал, Лeпci, Ақсу, Іле, Тентек, Сарқан, Басқан және т.б.