, НУЖНО ПО КАЖДОМУ ПРЕДЛОДЕНИЮ ВОПРОСВ СОСТАВИТЬ, НА КАЗАХСКОМ ИЛИ РУССКОМ ^^ Қазақ тілі бүгінде ғылым мен білімнің, интернеттің тіліне айналды.
Қазақ тілінде білім алатындардың саны жыл сайын көбейіп келеді. Еліміз
бойынша мемлекеттік тілді оқытатын 57 орталық жұмыс істейді. Олардан
мыңдаған азамат қазақ тілін үйреніп шықты, әлі де үйренуде. Былтырғыға
қарағанда, биыл «қазақ тілін білемін» деген өзге ұлт өкілдерінің саны 10
пайызға өскен. Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар. Ана тіліміз
Мәңгілік елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды! Оны даудың тақырыбы емес,
ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн (Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан
жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауынан).
Пайымдау әңгіме
Еңбекқор құмырсқа.
Әлем көптеген тіршілік иелеріне толы.Солардың ішінде құмырсқа – әлемдегі ең көп тараған жәндіктің бірі. Қазақ «құмырсқадай қажырлы», «құмырсқадай құжынаған», «құмырсқадай еңбекқор» деген тіркестерді бекер айтпаған.Сіріңке қорабында бір дәнді бірнеше күнге жеткізе алған құмырсқа туралы әңгімені бәрі біледі.Олардың тағы да біз білмейтін қызық қыры көп.
Бір құмырсқа өз жемтігін тапқан соң,басқа құмырсқаға азығын табуға көмектесе алады.Аралар мұндайда билеп жүріп үйретсе,құмырсқалар бір жол бойымен жүріп отырып,азық табуды үйретеді.Олар бір-біріне жалғанып,басқалар өтуі үшін көпір жасай алады.Бір құмырсқа өз салмағынан 10 есе ауыр салмақты көтере алады.Құмырсқалар орта есеппен екі немесе үш айға дейін өмір сүреді. Осы уақыттың ішінде өздеріне тән еңбекқор, белсенділігі және үнемшілдігімен өзге жәндіктерден ерекшеленеді.