Жылқыны ердің қанатына балаған қазақта төрт тұяғын тең басқан толағай тұлпарлар аз болмаған. Солардың ішінде бүгінге аңыз болып жеткен әйгілі Қобыландының Тайбурылы, Қамбар батырдың Қарақасқасы, Төлегеннің Бозжорғасы. Сондай – ақ жазушы Ілияс Жансүгіровтей тұлғаның поэмасына арқау болған Ақан серінің жан серігі, айтулы тұлпар – Құлагердің орны бір бөлек. Ақан серінің «Құлагер» өлеңінен тұлпарыдың ақын өміріндегі орнын ерекше болған.
Әнші ақын, сал сері Ақан жан-жануарға тым жақын болған. Оның Қараторғай атты қыран құсы, Базаралы атты құмай тазысы, Құлагердей сәйгүлігі болған. Бірнеше мәрте аламан бәйгенің алдын бермей, даңқы күллі жұртқа белгілі болған Құлагер Сағынайдың асында Жүсіптің жандайшаптарының қастандық қылуымен өлтіріледі. Осы бір жасалған қастандық ақынға ауыр соққы болып тиеді. Бәйгені қарап отырып, алда өзге аттың келе жатқанын байқаған ақын, іші бір жамандықты сезеді. Ал Құлагердің өлгенін естігенде есінен адасатындай күй кешеді. Дүбірлі бәйгелерде озып шығып, Ақанның да, елінің де намысын асқақтатып жүрген сәйгүліктен айырылу тек Ақанға ғана емес, дүйім жұртшылыққа да қиын болды. Өлеңнің әрбір шумағы өкінішке, қайғыға толы. Жан серігі асыл тұлпарынан қапияда айырылып қалған Ақан қатты күйзеліске ұшырайды. Себебі нағашысының үйінен кетерде алған бар байлығы осы бір пырағы еді. Ақынның өленіңен адам мен жануар арасындағы достықты көре аламыз.
Қас қылған жануарым Құлагерге,
Жауызға бар тілегім өлім берсін, - деген өлең жолдарынан қызғаныштан көкірегінде ашу оты кенеген, қараниет қарақшылардың зұлымдығына айтылған лағынеті тек Ақанның ғана емес, қара ниет жауға деген бүкіл халық қарғысы деп ұқсақ болады.
Қорыта келе, Ақанның «Құлагер» өлеңінде суреттелген Құлагер бейнесінен оның ақын өмірінде ойып тұрып орын алғанын көре аламыз. Небір ақын-жазушылардың шығармаларына арқау болған Құлагер - қазақ даласындағы еркіндік пен бостандықтың, тектілік пен табандылықтың, жүйріктік пен сұлулықтың символы деп білемін.
Құлагер» поэмасы – ақынның эпикалық жырларының ең соңғысы және поэзиясының ең биік шыңы. Поэмаға арқау болған оқиға – тараудың басындағы тұсында сері болсын, пері болсын, өмірімен ұнаған Ақан және тұлпар ат Құлагер. Поэма сюжетін құрайтын оқиғалар асты бейнелеген тарауларда ат жарысын, Құлагердің мерт болуын, сонымен байланыста Ақанның қайғы-шерге көмілуін суреттеген тарауларда баяндалған. Құлагердің өлімі асыл Ақан үшін өте ауыр болады. Ол айдалада Құлагердің басын құшақтап көзінен қанды жас ағады. Құлагер – Ақан серінің сұлулығы, идеалы. Менің ойымша, ақын мен тұлпар өмірі ажырамас тұтастық. Себебі, оның түсінігінде ондай тұлпар енді келмесі анық. Сол тұлпармен жүрек түкпіріне ұялаған әсемдік, көркемдік бәрі жоғалған. Оның бұрынғыдай ән айтуы да, ел арасында жайраңдап жүруі де екі талай. Құлагерге жұмсалған айбалта, Ақанның өзіне тиген, ол енді тірі өлік.
Объяснение: