Нужно сделать морфологический разбор ков всем предложениям 5-тапсырма. Мәтінді оқып, негізгі идеяны анықта. Мен жиырма бес жыл өекерде болдым. Біле білген кісіге бұл – а.
кен университет. Осы жиырма бес жыл ішінде мен талай қолбасшы
мен кездестім, сабақ алдым, талай генералдың қол астында қызмет
істедім, тәрбие көрдім. Өйткені командир деген әскери педагог қой.
Осы әр ұлт адамдары мен қызметтес болғанымды өзіме ерекше мек
тет деп бағалаймын. Себебі, чуваш мынадай екен-ау, қырғыз мы.
надай болады екен-ау» деп толғанасың. «Ана халық анадай дәстүрін
қастерлейді, мына халық мынаны құрметтейді екен-ау» деп толғана
сың. Мен осы жиырма бес жыл ішінде қарамағымда болған, үстеріне
шинель киген солдаттар арқылы барлық халықтардың жанын ұқтым
деп ойлаймын. Өйткені олардың жүректері, іштерінен шыққан бала-
тары менің алақанымда болды. Отан үшін өз басымды өлімге байлай
отырып, мен оларды ажалмен алысуға жұмсадым. Олардың өлмеуі
үшін, өз ұрпақтарын, өз халықтарының намысын, оның өздері сүйетін
асыл қасиеттерін аман сақтап қалу үшін жұмсадым. Өзім де халқым
үшін қасықтай қаным пида деп, жанып тұрған отқа талай түстім.
(Бауыржан Момышұлы
8 наурызға анамызға сыйлық.
Бүгінгі шуақты көктемнің алғашқы мерекесі – Халықаралық әйелдер күніне анама сыйлық жасауды біз ертерек ойластырып қойған болатынбыз. Күнделікті анам жұмыстан соң үйге келіп ас әзірлейді, дегенмен күні бойы жұмыста жүретіндіктен анам да шаршайды. Сонымен біз бауырларымызбен анама тосынсый ретінде кешкі мерекелік ас әзірлеуді ұйғардық. Ол үшін біз тәтемізден біраз кеңес алып, анамның сүйікті тағамын әзірледік. Әкеміз болса, анамызға әдемі гүл шоғын мен тәтті тоқаш сатып алды. Кешке анамызға осындай тосынсый жасап, қуанттық. Бірінші рет жасағанымызбен, өте дәмді шығыпты.